Әлемдік мұнай бағасы артты

/uploads/thumbnail/20170904175548030_small.jpg

Лондон және Нью-Йорк қаласының шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,36 долларға дейін қымбатап, бір баррель мұнайдың бағасы 62,72 долларға жетті. Ал Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айында жеткізілетін фьючерстері 1,41 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 56,55 долларды құрады.    

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар