Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясы және Herdforshire Press баспасы ұйымдастырған VI-Еуразиялық ашық әдеби байқауда, поэзия номинациясы бойынша ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасы үшінші орын алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға әлемнің 36 мемлекетінен 1600 шығарма түскен. «Қара орамал» поэмасы аталмыш байқауға қатысқан елдердің тіліне аударылады.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» кітабының тұсаукесер кеші 2014 жылдың 29 мамырында Қарағандыда өткен.
Ақынның нәубет жылдарды арқау етіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Қара орамал» дастаны «Болашақ» баспасынан орыстың белгілі ақыны Надежда Чернованың аудармасымен екі тілде жарық көрген болатын.
XX ғасырда ел басына төнген зұлмат заман ашық жазылған дастан «Қарағанды лагері», «Карлаг қақпасы», «Ахметжан Сармантайұлының «58-статья» күйі», «Қызжылаған», «Ирина Борхманның «Үзілген сапар» картинасы», «Мамочкина моласы», «Үш қағыс» атты тарауша жырлардан тұрады.
Пікір қалдыру