Алматы ІІД тұрғындарды алдап, олардың сеніміне кірген 1983 жылғы әйелді ұстады. Ол кепілдікте тұрған үйлерді сатып, 30 мың АҚШ долларын заңсыз жолмен қалтасына басқан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«34 жастағы әйел сатып алушыларға үйді екінші деңгейлі банктерден де арзан бағаға беретінін айтып, сан соқтырды. Оның үстіне, өзі ұсынған үйлерді аз уақыттың ішінде және нарық бағасынан 70 пайызға төмен болатындығын айтқан. Үй сатып алғысы келгендер, алдымен керекі құжаттарды жинап, артынан 2 мың долларды алаяқ әйелдің шотына аударуға міндетті болған.
Шотқа аударылған ақшаны алған азаматша К. клиенттерінен қашып, көзден таса болған. Тергеу барысында, әйелдің банк саласына ешқандай да қатысы болмағандығы анықталған. Осыған орай, ол жасаған әрекеттер ҚР қылмыстық кодексінің 193 бабының 3 тармағы бойынша, «алаяқтық жасады» деген айыппен тіркелді. Ұсталған әйел өзі жасаған әрекеттерін толық мойындап отыр.
Қазіргі кезде оған шағымы бар 5 адам полицияға келді. Дегенмен, қалада дәл осыған ұқсайтын 16 оқиға тіркелген»,- деп мәлімдеді Бостандық ауданының ішкі істер басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Утебаев.