Алматылық аяқдопшылар Түркияға аттанды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Бүгін Алматы қаласының «Қайрат» футбол клубының ойыншылары Түркияға аттанады.

Онда олар 8-23 қаңтар күндері аралығында жаңа маусымға дайындық барысындағы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Словакиялық бас бапкер Владимир Вайсс жаттықтыратын алматылықтар бұған дейін Белек қаласында  9-22 желтоқсан күндері алғашқы әзірлігін өткізген болатын. Онда олар 14 желтоқсан күні өткен жолдастық матчта Қарағандының «Шахтер» командасынан (2:0) басым түсіп, 17 желтоқсанда Ресейдің Нальчик қаласының «Спартак-Нальчик» командасымен (0:0) тең түсті.

Екінші жиынға аттанар алдында команда басшылары жартылай қорғаушы Руслан Сақалбаевпен келісімшартты 3 жылға ұзартты. Бұған дейін В.Вайсс алдымен команданың қазіргі құрамын  електен өткізіп, легионерлермен келісімшартты ұзарту-ұзартпау мәселесін шешеміз деген болатын.

  Ерлік Ержанұлы "ҚазАқпарат"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар