Тәжік басшысы Қазақ Президентіне хат жолдады

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Бүгін Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына жиырма жыл толды. Осынау тарихи күнге орай Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қос ел арасындағы ынтымақтастықтың жандана беруіне тілектестік білдіріп, құттықтау хат жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Осы күндері Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына жиырма жыл толады.Тәжік-қазақстан қатынастарының қазіргі тарихындағы осы мерейлі күн Сізге және Сіз арқылы бауырлас барша Қазақстан халқына шын жүректен шыққан құттықтауларым мен ізгі тілектерімді жолдаудағы қуанышты сәттерді маған сыйлап отыр.

Біздер үшін аса ерекше осы оқиға болған шақтан кейінгі мезгілде Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықтың екіжақты форматта да, көпжақты өзара іс-қимылдарда да серпінді дамып, қарқынды өсуіп отырғанын зор ризашылықпен атап өткім келеді.

Бүгінде олар іс жүзінде мемлекеттеріміздің мүдделері үйлесетін өмірдің барлық салаларын қамтиды және өңірлік тұрақтылықты сақтаудың факторы болып көрінуде.

Біз жоғары деңгейде қалыптасқан қазіргі тәжік-қазақстан байланыстарын қадірлейміз әрі халықтарымыздың ой-армандарын ескере отырып, олардың әр алуан аспектілерін уақыт талаптарына сәйкес, жаңа мазмұнмен толықтыруға мүдделіміз.

Тәжік-қазақстан қатынастарының бүгінгі әлеуетіне сүйене отырып, бірлескен күш-жігердің арқасында өзара байланысты дамытуда жаңа биіктерге жететінімізге сенім білдіремін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге шын ықыласпен зор денсаулық және қызметіңізге жаңа табыстар, ал бауырлас барша Қазақстан халқына құт-береке және бұдан былай да гүлдене беруді тілеймін", - делінген Тәжік басшысының құттықтауында.

 BAQ.KZ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар