Білім және ғылым вице-министрі: ҰБТ-ның қазіргі қолданыстағы үлгісі өзгермейді

/uploads/thumbnail/20170708164505063_small.jpg

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа үлгісін енгізу мәселесі әзірге қарастырылмайды. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары".

"ҰБТ негізіне алынған, 2004 жылы біз таңдап алған технология өзін-өзі ақтады деп айтуға болады. Бір емтиханмен біз екі міндетті шешеміз, түлектер үшін тең жағдай жасалуда", - дейді Балықбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр ҰБТ-ны ары қарай жетілдіру мәселесі бұл жыл сайын қарастырылатын мәселе екенін атап айтты.

Сонымен бірге Балықбаев ҰБТ форматын өзгерту немесе жетiлдiру мәселесi ағымдағы жылы қарастырлып отырмағандығын тiлге тиек еттi деп, хабарлайды Bnews.kz.

"Мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiн дамыту мемлекеттiк даму бағдарламасына сәйкес ҰБТ-ны қайта құру ұсыныстары болған-ды. Өткен жылы бiзде ҰБТ-ны жетiлдiру бойынша министрлiкте комиссия құрылған болатын. Бiз осы жылы тестiлеу форматын өзгерiссiз қалдырамыз деген шешiм қабылдадық. Бiз қауiпсiздiк, жауапкершiлiк мәселесiне ғана шамалы түзетулер енгiзудеміз. Олар қабылданған кезде бiз қосымша хабарлайтын боламыз", - деп толықтырды өз ойын ол.

Оның айтуынша, ҰБТ-ның жаңа форматын енгiзу мәселесi бүгiнгі күнi министрлiкте сөз болып отырған жоқ екен. NUR.KZ

Қатысты Мақалалар