Полиция ұрланған дүниенің бәрін іздей бермейді

/uploads/thumbnail/20170708164505352_small.jpg

Келіншегім 2 ай бұрын автобуста смартфонын ұрлатып алған. РУВД-ға арыз жазған. Табылса, хабарласамыз деген. Бірақ үнсіз қалды, өзі де табыларына көп үміттенген жоқ. Сөйтіп, 1 апта бұрын Әзірет Сұлтан мешітінде полиция болып істейтін ауылдас ағаға кездейсоқ кезігіп қалдым. Осы жағдайды айта салғанмын. Кеше хабарласты, "келіп телефоныңды алып кет" деп. Негізі IMEI коды болса, 1-2-ақ күнде табылады екен. Сол ағаның мәліметінше, күніне Астанада 30 шақты телефон қолды болады екен. Өкініштісі, полиция қызметкерлері ұрланған дүниенің бәрін іздей бермейді.

Orynbek Pazylo(Facebook парақшасынан)

Қатысты Мақалалар