Астана қаласындағы Хангресс-Холл сарайында Республикалық Мəуліт мерекесіне орай Республикалық рухани кеш өтті.
Адамзаттың ардақтысы, Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) туылған күніне орайластырылған рухани кеш Құранымен басталып, ізгі тілекті құттықтауларға ұласты.
Ең əуелі ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерейлі иерекені бастады.
Одан Астана қаласы әкімінің құттықтау хаты оқылды. Дəл қазір белгілі айтыс ақыны Аманжол Əлтаев арнау жыр айтуда.
Рухани кешті белгілі жас ақын Қалқаман Сарин жүргізуде.
Мерекеге жиналған мұсылмандарға Алланың ақырғы Елшісінің (с.ғ.с) өнегелі өмір жолы баяндалған үш томдық "Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (саллаһу алəйһи уə сəллəм) кітабымен қатар бірқатар құнды діни əдебиеттер тегін таратылды.
Оразбек САПАРХАН

