Жас ақын Марғұлан Ақанның жыр жинағы жарық көрді

/uploads/thumbnail/20170708164552776_small.jpg

27 қаңтарда Әл-фараби атындағы қазақ ұлттқ университетінің 4-курс студенті , ақын, Марғұлан Ақан өзінің ең алғашқы «Көктоғайдан көшкен бұлт» атты жыр жинағының тұсауын кесті. Талай мәрте республикалык, халқаралық мүшайралардың жеңімпазының өлеңін тыңдауға адам көп жиналды. Жыр кеші студенттер мен ұстаздардың, сондай-ақ танымалы ақын ағалардың қатысуымен университет қабырғасында өтті. Кешке «Көкжиек» пен «Сұңқар» студенттер ұйымы қолдау көрсетті. Алғашқы сөз кезегін филология факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманұлы алды. Марғұлан Ақанның биыл бітіріп бара жатқанын, осы төрт жыл ішінде ұлттық универдің қоғамдық өміріне көп үлес қосқанын айта келіп, Ректордың атынан берілетін «Алтын төсбелгі» табыстады. Кештің құрметті қонақтарының бірі беделді ақын Мұрат Шаймаранұлы болды. Сөз кезегінде Марғұланның өлең өлкесіне басқан қадамына сәттілік тілей отырып, ақындығына жоғары баға берді. Әсіресе Әмірхан Балқыбекке арнаған өлеңін оқып қатты әсерленгенін айтты. Жас ақындарға ұстаным ретінде:«Поэзияға таза келіңдер, ешқандай пендешілікті араластырмаңдар!» деді. Соңында ақ батасын беріп Марғұланның бергенінен еліне берері көп екенін айтты. Марғұлан Ақанұлы өз өлеңдерін оқыды. Ақынның «Шеше», «Ей,Алматы!», «Хат», «Маймұл тас», «Көкпар» өлеңдері үлкендерге ұнаса, «Махаббат», «9-этаж немесе сезім балконы», «Қиялдағы ару» өлеңдері жастардың жүрегінен орын алды.

IMG-20150127-WA0010

Ақыннан жыр жинағының атын не үшін «Көктоғайдан көшкен бұлт!» деп қойғанын сұрағанда: «Мен тоғыз жасымда атажұртқа оралдым. Негізі кіндік кесіп кір жуған жерім –ҚХР-ндағы Көктоғай. Оспан батырдың елі. Мен атажұртыма ақша бұлт болып Көктоғайдан тоғыз жасымда көштім» деп түсіндірді.

Кел, бауырым, отанға!

Теңелгендей наурызда қысқа күн, Тәуелсіздік таңын аппақ құшқаның. Кел, бауырым, далаң неге жатсынсын? Тар заманда қасқыр тартқан пұшпағын.

Кел, бауырым, далаң неге жатсынсын? Ел бауырын елжіретіп тапсын шын. Жет тездетіп, жетем деген күнің бұл, Жете алмасаң қурылған апшымсың.

Мынау-далаң, мынау –қалаң, жатсынба, Ерке өзендей еркін ағып тасқында. Білесің бе, жоны жомарт қырлардың, Ата-бабаң басы жатыр астында.

Жел тараған, сағым дала қырлардың, Тыңда келіп, шермен шертер сырларын. Мауқын бір бас аунап дала төсіне, Жусан исін аңсап өткен жылдардың.

Жусан иісі, ол-бабаңның иісі, Ескен самал-тұлпарлардың жүрісі. Сары далада көркіреген күн деген- Батырлар мен баһадүрлер күлкісі.

Жжет тездетіп, жете алмасаң саған сын, Өз бойымсың, жарқыраған жағамсың. Байлық, шіркін, қайда болса табылар, Ал бақытты отаныңнан табарсың!

IMG-20150127-WA0068

Мамық қарға махаббат

Па, шіркін! Жауысын –ай мына қардың, Ұғатын түрі бар ма мыналадың? Ақ үлпек түскен сайын алақанға, Ериді. Қимай-қимай жылап алдым.

Құйылып көмейіме құм шарабы, Жауар мА мына мамық мұнша тағы Ұлпа қар аймаласып бір-бірімен, Алдында тереземнің мұң шағады.

Шоғына қараңғының күйген көзге, Мамығың жарық шашты тиген кезде. Құдірет осы дедім көктен түскен, Бетімді жалай өтіп сүйген кезде.

Биктен көз тартады аспан андай, Кеудесін әлі ешкім баспағандай. Ақ мамық түсіп жатыр көктен тәңір, Қиқымдап ақ бұлттарды тастағандай.

Нәп-нәзік екпінімен қапалақтап, Көк зеңгір төккен жерге апағат, пәк! Аппақ қар саған қарап сезбей қадым, Аяздың жібергенін шапалақтап.

Махаббат саған деген мамық әлем, Мен менің ақтығыңа табынар ем. Ұйқыдан тұрған сайын сені іздеймін, Тастап кет тап өзіңдей таңыма рең!

IMG-20150127-WA0053

Дайындаған: Бірлесбек Саягүл

Қатысты Мақалалар