ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

/uploads/thumbnail/20170708164606320_small.gif

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Журналистика факультеті «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылы 25-наурызында қазақ хандығының 550 жылдығына орай студенттер арасында «Біз жанбасақ лапылдап...» атты республикалық жас ақындар мүшайрасы өтеді.

Мүшәйраның мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойындағы патриотизм ұшқынын жалындатып, ұлтжанды азамат егемен елдің ертеңі екенін сезіндіру. Студент кездегі жастық жалынына оранған жігерлі жырларды, тұмса бұлақтай мөлдір өлеңдерді насихаттау. Ақындарды ынталандыру.

Мүшәйраға ақындар мынадай үш тақырыптағы өлеңдерін жолдайды: 1.Қазақ хандығына – 550 жыл (Қазақ жұртының 1465 жылдан бүгінге дейінгі қайғысы мен қуанышы, ертеңгі болашағы студенттер көзімен.) 2. Студенттік өмір 3. Еркін тақырып. Мүшайраның жүлдесі: Бас жүлде (біреу) Бірінші орын (біреу) Екінші орын (екеу) Үшінші орын (үшеу) Арнайы жүлде (бесеу)

Мүшәйраға қатысушы талапкер осы үш тақырыпқа арналған өлеңдерін 2015 жылдың 10 наурызына дейін жіберу тиіс. Қосымша байланыс телефоны, суретін салуы міндетті. Мүшайраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады. Шығарма көлемі А4 форматында 5 беттен аспағаны жөн. Шарттары түгел орындалмаған, мерзімінен кешіккен шығармалар қатыстырылмайды. Жеңімпаз ақындардың жырлары жеке жинақ болып және факультеттің «Журналист» газетіне жарияланады. Жеңімпаздарды қара қылды қақ жаратын қазылар алқасы анықтайды.

Шығармалар мына эл.поштаға жолдануы тиіс: jurkaznu.kz@mail.ru Ұйымдастырушы: ҚазҰУ журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Әлімжанова Әйгерім, журналистика факультетінің оқытушысы

Қатысты Мақалалар