Түріктер шалапты айран деп сатады

/uploads/thumbnail/20170708164607944_small.jpg

Қазаққа айран деп, су қосылған шалапты сататын түрік дәмханалары жайлы Айнұр Төлеу есімді Facebook қолданушысы жазды. Айнұрдың айтуынша қазақтың дүниетанымына ғасырлар бойы айран деп сіңген ұлттық сусынды түріктер бірнеше жылдың ішінде су қосылған сұйықтықпен ауыстырып жіберіп отыр.

"Қазақтың айраны қою, сүтті еппен ұютудың нәтижесінде пайда болатын қоймалжың ас. Бірнеше жыл болды түріктер дөнерлерімен бірге айран деп су қосылған ақ сұйықтықты ұсынады. Біздің жақта малтаны суға езу арқылы, немесе дорбадағы қатықты езу арқылы сондай сұйықтық жасаушы еді. Оны біз шалап деп атайтынбыз. Енді сұрақ түріктер сұйық шалапты айран деп айтқаны үшін неге біз де оны айран деп атауымыз керек. Біздің елге келіп, кәсіптерін жүргізіп, сонымен қатар біздің дүниетанымымызды осылай-оп-оңай өзгерте бере ме? Мынауың айран емес, шалап қой деп айтқандарыңыз бар ма? Әлде айран деп сатып алып жүрсіз бе?" дейді А.Төлеу.

Қатысты Мақалалар