Моңғолияның 3 миллионыншы тұрғыны Баян-Өлгий аймағында дүниеге келді. Атаулы санды Бекболатқызы Айжұлдыз есімді қазақ тіркелген. Бұл туралы Алмабек Ақтайлақұлы есімді Байөлкелік ғаламтор қолданушысы өз парақшасында жазды.
Моңғолия жан санының 3 миллионға толуына орай Баян-Өлгий аймағы әкімшілігінің шешімімен осы азаматшаның отбасына құны 7 миллион теңге сыйақы және пәтер беруге ұйғарыпты.
Бұл оқиғаға байланысты Қуанық Шамахай: "3 млн-шы азаматы қазақ болса, бұл ел болашақта Қазақ Еліне айналады деп ырымдап қояйық!" деген тілегін білдірді.