Ливияда тұтқындарды халық алдында өлім жазасына кесті (видео)

/uploads/thumbnail/20180129161705114_small.png

Ливияның ірі қалаларының бірі Бенғазыда түрме тұтқындарын көшеге шығарып елдің көзінше атып тастаған. Оқиғаның болған жерінен түсірілген видеоны Al Arabiya басылымы жариялаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Видеода көк жұмыс киімін киген тоғыз ер адам  көздері жұмулы күйде тізерлеп отырады. Сәлден соң адамдардың жерде қансырап жатқанын көруге болады. Өлім жазасына кесілгендердің денелерін, жиналғандардың көзінше көлікке тиеп алып кеткен.

Басылымның мәліметінше, ер адамдар мешіттің жанында атылған.

Айта кетейік, 23 қаңтарда осы жерде теракт болып, 35  адам көз жүмған. Өлім жазасына кесілгендердің кімдер екені әзірге белгісіз.

Ливияны қолдаушы БҰҰ миссиясы «аяусыз» қырғынға қатты алаңдулы екенін жеткізген. «Ер адамдарды жаппай өлім жазасына кескендер  халықаралық құқық бойынша жауапкершілікке тартылатын болады»,-дейді БҰҰ.

Қатысты Мақалалар