Қазіргі таңда қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова спорт әлемінен көптеген ұсыныстар қабылдап жатыр. Соның бірі Сабина Алтынбекова Индонезияда әйелдер арасындағы волейболдың дамуына үлес қосуы мүмкін.
Индонезияда бұл спорт түріне деген қызығушылық болмағандықтан, волейболдан әйелдер командасы 2011 жылы жабылып қалған еді.
Бірақ 2014 жылдың соңында Индонезия волейбол федерациясына Pertamina атты мұнай-газ компаниясы демеушілік жасай бастады. Бұл компания елдегі волейболды қайта дамытуға ұмтылып, тіптен,Сабина Алтынбекованы шақыруды да көздеп отыр.
"Біз қажет болса Сабина Алтынбекованы алып келуге тырысамыз. Бірақ оны алып келсек, ол клубтардың бірінде ойнамауы мүмкін. Бұл арқылы бір клуб күшейіп кетеді. Оның үстіне, оның тұрғылықты жерімен қиындықтар тууы мүмкін, сондықтан оны шақыру үшін қосымша қаржы қажет болады, біз алдымен Сабинаны осы жылы қонақ ретінде шақырмақпыз. Оның Индонезияда көрермені көп, сол үшін Индонезияда әйелдер арасындағы волейболға деген қызығушылық оянады деп үміттенемін,»-дейді Pertamina компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмад Бамбанг.
Айта кетелік, 18 жастағы сұлу да сымбатты волейболшы қыз Сабина Алтынбекова Азияда 2014 жылы танымал болған еді. Сондай-ақ бұл азия чемпионатында оның сұлулығына әсіресе жапон жанкүйерлері мен журналистері назар аударып, бұдан кейін қазақстандық жас спортшы атақты бола кетті. Тіптен жапондықтар арнайы Сабина Алтынбековаға арнап фан –клубтарды да ашып үлгерді.
Сонымен қатар, таяуда спортшы қыз Токио қаласына волейболдан Жапонияда өтетін чемпионаттың аясында болатын шараларға шақырылды. Кездесу аясында Сабина Алтынбекова жапон спортшыларымен тәжірибе алмасты.
Назерке Тоғжанова Дереккөз: tengrinews.kz