Қазақ спортшылары қысқы Универсиадада төртінші медальді иемденді

/uploads/thumbnail/20170708164629194_small.jpg

Сүйінші Қазақ елі! Қазақстан шаңғышылары ел құрамасының қоржынына 2015 жылғы қысқы Универсияданың төртінші медалін салды.

Олар: Анна Стоян, Виктория Ланчакова және Анастасия Слонова.Алға қойылған үш те бес шақырымдық эстафетада біздің қыздарымыз екінші боп келді. Ал бірінші орын Ресей құрамасына бұйырды.

Салыстырма үшін,шаңғышыларымыздың уақыты - 48 минут 30,7 секундті құраса, ресейліктер бұл қашықтықты 43,6 секундта бағындырды.

Айта кетелік, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге барлығы 4 медаль бар. Екі алтын,және екі күміс. Ал жалпыкомандалық есепте еліміз Ресейден кейін екінші орынға табан тіреді. Әлемдегі қаржылық жағдайға байланысты ХХVII қысқы Универсиада екі елде өтіп жатыр -Испания мен Словакияда .

Универсиада 14 ақпанға дейін созылады. Уақыт бар. Ендеше, алда өнер көрсететін қазақ спортшыларына сәттілік тілейміз!

Назерке Тоғжанова

Қатысты Мақалалар