ҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығындабұрын Ішкіістерминистрлігініңқұзырынақарапкелгенкөші-қонжұмыстарыменендіЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігіайналысатындығыкөрсетілді. Жарлық «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланды.
Жарлықта «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны, оны ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон үдерістерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көші-қонды реттеу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктері берілсін» деп көрсетілген.
Сондай-ақ, Жарлықта «Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін құруды қамтамасыз етсін» делінген.
BAQ.KZ
Пікір қалдыру