Қос мықтының жекпе –жегі 21 ақпан күні Монакода өтеді.
«Бұл - биылғы жылғы алғашқы қадамым, - дейдi Геннадий UCNLive телеарнасына берген сұхбатында. - Мюррей - өте мықты қарсылас. Бұл жәй ғана ойын емес, маңызды жекпе-жек және екеуiмiз үшiн үлкен сынақ. Мартин Мюррей титул үшiн Мартинеспен және Штурммен жекпе-жек өткізді. Мен ол кездесулердi қарап шықтым, Мартин оларға еш дес берген жоқ.Чемпиона атанудың жалғыз мүмкіндігі менімен жұдырықтасу деп санайтын болса керек,сол себепті де ол барын салады.»
Журналистерге берген сұхбатында Головкин өзінің басты мақсаты –титулды біріктіру екендігін айтты.
«Менде WBC-ның уақытша титулы бар, ал толыққанды титул Мигель Коттонның еншісінде. Коттонмен шығатын келесi үмiткер мен болуым тиiс. Мен бiрiктiрушi жекпе-жек өткiзгiм келедi. Мен үшiн орта салмақта ең мықты боксшыны анықтау маңызды», - дедi боксшы.
Назерке Тоғжанова
Дереккөз: ҚазАқпарат