Қытайда тұратын қандасымыз салмағы 8 келіге жуық алтын тауып алды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708164734694_small.jpg

ҚХР Алтай аймағының Шіңгіл ауданында тұратын Берік  есімді қандасымыз  салмағы 7.85 келі кесек алтын тауып алды, деп хабарлайды  «Қытай ақпарат».

Досымен бірге алтын іздеуге шыққан Берік ен далада ойламаған жерден ат басындай кесек алтынның үстінен түседі.

Қандасымыздың айтуынша, алтынды жер бетінде жылтырап жатқан жерінен тауып алған. Оның диаметірі 23 см, ені 18 см, ең қалың жері 8 сантиметр болған. «Табиғаттың  шебер қолы бедер салып, өрнектеген саф алтынның беті күн сәулесімен алауланып, көздің жауын алатындай жарқырайды», - дейді алтынды көрген көршілері.

20150205100427

Әлемде бұндай кесек алтындар жиі ұшыраса бермейді, алтын кендерінің өзінде де тым сирек кездесетін көрінеді.

Бақытжол Кәкеш

Дереккөз: "ИаҚазинформ"

Қатысты Мақалалар