Тексеріс барысында анықталғандай, қылмысқа Сарыағаш ауданы, Бостандық ауылының тұрғыны 1976 жылғы Н.Нарметов қатысты деген күдік бар. Және қазір іздестіріліп жатыр.
Деректерге сүйенсек, қылмыс тұрмыстық сипат алған. Басты себебі екі азаматтың арасындағы түсініспеушілік,яғни Н.Нарметов Б.Артықовтың жылыжайын жалға алған.
5 ақпан күні Б.Артықовтың бір топ ауылдастары Н.Нарметовтың үйінің маңайында төбелес шығарған. Салдарында бірнеше автокөліктерді аударып, өртеп жіберген. Көршілес үйлерге де залал келтірілген. Ары қарайғы бұзақы әрекеттерді полицей қызметкерлері тоқтатты. Жапа шеккендер жоқ.
оқиға орнына қосымша құқық қорғау қызметкерлері жіберілді. Қазіргі уақытта жағдай бірқалыпты.
Б.Артықов өлімі тексеріліп жатыр.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі