Алматы маңында жер сілкінді

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
Алматының оңтүстік-шығысынан  227  шақырым  жерде   жер сілкінісі болды, - деп хабарлады Еуропа –Жерортатеңізі сейсмологиялық орталығы.  Орталықтың деректеріне сәйкес, 28 қаңтарда   Астана уақыты бойынша сағат 22: 38 -де Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 227 шақырым  жерде  МСК-64.  шкаласы  бойынша   6,3 балл болатын  жер сілкінісі  тіркелді.  Магнитудасы  MPV 6,6; тереңдігі  10 км болған  дүмпу ізін  ала  бірнеше мәрте  қайталанған.  Нарынқол  және  Кеген  аймақтарында  дүмпу 2-3 балл шамасында сезілді.  Жер сілкінісі    қала   тұрғындары мен түрлі нысандарға   әсер ете  қоймаған. Зардап  шеккендер  жоқ.  Сурет:  nur.kz  сайтынан 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар