Арқанкергендегі оқиға орнынан хаттаманы толтыру барысында қате жіберілгені туралы жаңа мәліметтер таратылды. С.Сәрсеновтың айтуынша, 4 шілде күні 9 миллиметрлік, 39-69 деген нөмір көрсетілген оқ қалыбы (гильза) командир Кереевтің қаруынан атылмаған. Басқа қарудың оғы. Кейінгі баллистикалық сараптамада ол оқ Кереевтің қаруынан атылған 38-85 нөмірлі бытыраға алмастырылған. 39-69 нөмірлі бытыра оқиға болған жерден табылған соң, Кереевтің қаруынан, яғни Челах атты деп жаба салған, кейін басқасын ауыстырып қойған, - деп дәлелдемек болды. – Сонымен қатар, 7,62 мм оқ сараптамаға жаңа әрі түзу болып түссе, кейін тот басқан, майысқан және көлемдері де әр түрлі болып шықты». Қорғаушы атылған оқтардың сыртқы пішіні мен нөмірлеріне қарап, осындай байламдар жасап отыр. Алайда аппеляциялық сот әлі біткен жоқ. Еліміздің шекарасы мықтап бекітілмей, ішкі тұтастығымыз да, идеялық тұрақтылығымыз да бекімейді. Бұған күннен күнге артып келе жатқан шекарадағы былық пен соның салдарынан туындап жатқан ішіміздегі осындай бітпейтін, шындығы ашылмайтын талас-тартыстар дәлел. Деректер
http://tengrinews.kzсайтынан
Пікір қалдыру