Режиссер Ермек Тұрсыновтың шығармашылық кеші өтті

/uploads/thumbnail/20170708150909835_small.jpg

Алматыда белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың шығармашылық кеші өтті. Соңғы жылдары елімізге «Келін» және «Шал» фильмімен танымал болған режиссер өзінің шығармашылығы мен өмірі туралы көптің көңілінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Ермек Тұрсынов өзінің нашар студент болғанын айта келіп, қиқар мінезі үшін оқудан да шығып қалғанын жасырған жоқ. Кезінде ҚазМУ-дың журналистика факультетінің деканы Темірбек Қожакеев: «Тұрсынов, сен менің қара тізімімде екінші тұрсың» деп айта берген соң, «ағай, онда бірінші болып кім тұр?» деп сұрапты. Сонда ғалым-ұстазы: «Ол баяғыдан берi түрмеде отыр» деп жауап беріпті. – Студент кезімде 40 сом стипендия алдым, ет комбинатында жұмыс іс­­теп, қосымша ақша да таптым, – дейді режиссер. Онда жұмысқа кіру де оңай болмап­ты. Әйтеуір амалын тауып, ет комбинатында қасапшылықты үйреніп қаражат тауыпты. Ал Мәскеуде оқығанда от жағушы, балабақшада күзетші де болған. Ал АҚШ-та түрлі кәсіпті меңгеріп, өмірден көп нәрсе үйренеді. Қазақстанға оралған соң телевидения мен радио корпорациясын басқарып, газет те ашқан. Кеште «Шал» фильмі сөз болды. Ал наурыз айында «Кенже» атты картинаны түсіруді бастамақшы. Ол «Кенже» түсірілімі үшін көне мешіт іздепті. Себебі режиссер біраз жыл Таяу Шығыста тұрғандығын айта келіп, сондағы мешіттерге ұқсас ғимаратты қарастырған. Дамаскіде ең жаңа мешітке 800 жылдай болса, Алматы облысынан бірде-бір көне мешіт таппапты. Режиссер әлемнің әр түкпірінде болумен қатар, ондағы қазақтармен кездесіп, қонақта болғандығына тоқталды. Олар; «О, қазақ келді!» деп қуана қарсы алған. Олардың арасында өз тілін білмейтіндер кездескенімен, ұлтына көрсетер құрметтері шексіз екен. Танымал режиссер Ермек Тұрсыновқа шетелден сұраныс та түсіпті. «Жұлдыз» жасауға кепілдік те беріп­­ті. Бірақ ол барлығынан бас тартқан. Олардың сценарийлерінен адам шошитындығын айтқан режиссер: «Ет комбинатында жүргендегі өмірім есіме түседі дейді ол. Сондықтан вампирлер туралы түсіруден бас тартыпты. Ермек Тұрсыновтың бұл шығармашылық кеші көптің көңілінен шықты.

Жексен САҒЫМБЕКҰЛЫ Айқын

   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар