«SCAT» ауекомпаниясы тағы да шу ортасында

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

  «SCAT» әуекомпаниясына тиесілі Ан-24 UP-AN41нөмірлі ұшағы ұшып-қону жолағынан ауытқып кетті -, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 7 ақпан күні сағат 00:25-те орын алған. Рейс нөмірі DV №766 , Тараз-Алматы бағытында жолаушылар тасымалдап келе жатқан ұшақ бортында 24 адам, 20жолаушы (оның екеуі кәмелет жасына толмаған жасөпірім), 4 экипаж қызметкері болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ және көлікке зақым келмеген. Қозғалтықыш сөнгеннен кейін әуежай тұрағына сүйреп апарылған. Орталықтың ақпарат қызметінің айтуы бойынша жолаушылардың барлығы ұшақ қонған бойда көмек көрсетілген. Аталмыш оқиғаға қатысты Алматы әуежайында рейстердің кешіктірілуі және тағы да басқа мәселелер туындамаған. Ұшақ Тараз-Алматы бағытында үнемі қатынап жүргенімен, мұндай оқиға жыл басынан бері екінші рет орын алып отыр. Оқиға орнында болған азаматтардың айтуынша, қону барысында ұшақ қажетті траекториядан ауытқып, қанатымен сүріне жаздаған. Апатқа ұшырау барысында бортта болған жолаушының айтуына қарағанда, шайқалу барысында стюард салон ішінен ұшып кеткен, ал қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушылар өз орындарынан құлап кеткен. Аталған іс бойынша, қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.   «Қамшы» сілтейді:     www.tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар