Әрбір ғасыр мен үшін Алтын ғасыр

/uploads/thumbnail/20170708170508964_small.jpg
Алтын ғасыр

Отырғандай екі хан ор басында, Бірі түспей бір хандық орнасын ба. Тісін қайрап ішіне қанын жұтты, Дешті-қыпшақ Әбілхайыр ордасында. Әз-Жәнібек қылышын кекке малып, Шу бойымен таласты бетке алып. Қозыбасы жерінде хандық құрды, Моғолстан батысын шетке салып. Бақталасты алдырып қалдығына, Екі жүз мың халықпен хандығына. Қазақ атты ең алғаш хандық құрды, Кер заманның қарамай паңдығына. Екі жүз мың халықтың шоғын құрып, Ақ боз бие саумалына шомылдырып. Ақ кизге Керейді отырғызып, Хан көтерді қазаққа жұмылдырып. Содан бастап қазақ деп аталатын, Бір ұлттың ерлігін махаббатын. Аялайтын халықтың бақытына, Аямайтын хан болды шапағатын. Керей өліп айналған Хантауына, Алаауыз ағайын алтауына. Ақыл айтып бірліктің биік туын, Айналдырды хандықтың арқауына. Керейден соң хан өтті Жәнібектей, Серті сынар жүрмесе жанып өтпей. Сыр бойында қаламен өңір үшін, Берілмес Шайбанидың қанын төкпей. Қасым хан Шайбаниды қансыратты, Жасағын тоз-тоз етіп сансыратты. Қазақ жерін Еділге бір кеңейтіп, Ташкентке ал өзін хан сұратты. Қасқа жолын заң етіп қабылдады, Сарайшықта ұзақ жыл дамылдады. Хақ-назардай ұлына қиын сәтте, Қасым хандай ұлы әке табылмады. Жорық жайлы сыбысын естірмеген, Хан шешімін жауына кестірмеген. Еңсегей бойлы ер Есім халқы барда, Есім ханнның ескі жолы ескірмеген. Тәуке өтті жарқылдап жарғысындай, Күлтөбеде кеңесі алғысындай. Салқам Жәңгір хан болған қазақтардың, Отқа жанды намысын шалғысындай. Жауға шабар батыры Абылайлап, Бата берер билері а, құдайлап. Қазақ жерін біріктірген Абылай хан, Қартайыпты қазақтың қамын ойлап. Аласармас хандарым заңғарым ай, Қасқайып ескірмеген заңдарың ай. Ақтабан шұбырынды сұламадай, Елім-айлап ел көшкен зарларың ай. Аңырақай, Орбұлақ шайқасындай, Елі үшін қазақтың айқасын ай. Хандық құрып даласын қорғап өткен, Тарихынан қазақты байқасын ай. Тарихыңа қарада терең күрсін, Еңіремей мәңгілік елің күлсін. Ақ туының астында Абылайдың, Қазақ елі қайтадан белін бусын. Баяғындай Түркістан, алдымда Сыр, Ей, уақыт тарихтың алдын жасыр. Қазақ хандық құрылған күннен бсатап, Әрбір ғасыр мен үшін Алтын ғасыр.  

Қазақ деген халықпыз

Біз қазақпыз, тәуелсіз бұл қазақстан. Тәуелсіз армандар бар алып ұшқан. Көк байырағым желбіреп көк жүзінде, Алтын күнім атады күн шығыстан. Алтын Алтай, Атырау, Қара теңіз, Аралымда бөлінбес туған егіз. Құс қанаты талатын даласында, Ырыс байлық шалқыған байтақ елміз. Жәнібектен басталған ұлы хандық, Біз сол сәттен тәуелсіз ел атандық. Қазақ деген халықпыз даңқы асқан, Ұлы қазақ атанып теңдік алдық. Қасқа жолын ұстанып Қасым ханның, Тауды бұзып қопарып тасты жардың. Есім ханның ескіртпей ескі жолын, Алмастайын жарқырап жалындадың. Тәуке ханның сүйеніп жарғысына, Бақ орнады байы мен жарлысына. Қой үстіне боз торғай жұмыртқалап, Дұшпанныңда қалмадық қарғысына. Абылайдай сүйеніп данасына, Билік құрды байырғы даласына. Шетсіз-шексіз аймағын біріктіріп, Бақ орнады қазақтың баласына. Қазақ деген момақан нар қалықпыз, Күнге сеніп жылдардан жай қалыппыз. Озып керкен уақытқа қарамастан, Дүниенің төріне жайғасыппыз. Тулақ жердің пұшпағын елге бердік, Қазақ болып өмірге қайта келдік. Арзан затқа көнбейтін қара қазақ, Қымбат затқа үйреніп қайта көндік. Тауды тасты басып ап жамбасына, Жайғасыппыз әлемнің ортасына. Біз ежелден өлкенің енін салдық, Қара өзің тастардың таңбасына. Қазақ дейтін халықтың ұрпағымыз, Қасиетті Түркістан, Тұранымыз. Алланың ақ жолынан тайдырмаған, Хақ ислам бір ауыз құранымыз. Хандық құрып даласын қорғап өткен, Қазақпыз-ғой жан беріп қанын төккен. Ешкімге ерік бермей ерке өскен, Халықпыз-ғой мал бағып арба жеккен. Қар көшкіндей көшсекте ақ табанда, Қара көзге шүкірлік ақпағанға. Қос жанарды көлдетіп жасқа малып, Ашық таңға зар болдық атқан таңға. Ел мен бірге күңіренді Алатауым, Қалың елді қалқалады Қаратауым. Қасиетті Түркістан пана болып, Қорған болды сай-сала, орман тауым. Қақпасында аңдап жатты қалмақ жауым. Өр Алтайдан айналдым Аякөзден, Қара қазақ сабылып дала кезген. Жау алдында қасқайып жанын беріп, Белгі құрған мола мен сонау кезден. Қара ертіс Ақжайық өзенінен, Қайда кетсін бұл қазақ өз елінен. Қаймана қалың қазақ жасы сіңген, Айналдым шөлдеріңнен, түздеріңнен. Қазақтарға найзасын үйіріп жау, Қарт бабамдай тұратын күйзеліп тау. Ат үстінде екі жау айқасатын, Күнің қалып тарих ескіріпті-ау. Тарихыңа күй болып естіліпті-ау. Шығысында қалмақтан құтылғанда, Қара қазақ орысқа тұтылған ба? Қоқан, Бұхар қоқаңдап бір жағында, Сары орыс бір бүйірден ұмтылғанда. Шытқа түйген қазақтың жалғыз жаны, Қара түнде қарауылдап көзін ілмей, Ұрыс пенен шабыстан құтылған ба? Орыс салып қамалын бастабында, Қорған құрлыс айналды тас қамалға. Бір аллаға қараған қазақтарды, Орыс жаулап үлгірді қас-қағымда. Кәпірге заман ауған шақ болды ма? Орыстың айтқан сөзі ақ болды ма? Қазақ жерін сондада тастамады, Ежелден ерге қонған Сақ болды ма? Ала жібін аттамас ақ болды ма? Білмеймін халықым бар, тақ орнында. Алтай, Арқа, Атырау қатарында, Алатауда, Қаратау отарында. Болсадағы орысқа бас имелді, Қара қазақ байырғы ат арбада. Жаугершілік заманым, ғасырларым, Зар мұңымды халқымнан жасырмадым. Қазақ деген атыма дақ түсірмей, Жаудың сөзін басымнан асырмадым.  

Қазақ деген хандық бар

Шу бойы мен Таласы, Алтай, Арқа арасы. Сырдария, Аралы, Қазақ елдің сарасы. Алтай менен Атырау, Қазақ жайлап жатыр- ау. Арқайым мен Алатау, Ақ табанда көшпеген, Қасиетті Қара тау. Туып өскен бар қазақ, Осы дала баласы. Қазақ туған аймаққа, Ешкімнің жоқ таласы. Қазақ тауы айбыным, Қазақ көлі айдыным. Қара Ертіс ғасырдан, Бастау алған ай-күнін. Қара ертіс, Ескі Есіл, Ақжайық пен кең Еділ. Сырдария, Жетісу, Бар қазаққа бесік бұл. Осындай кең аумаққа, Атқа мінген қара ұл. Қанат талар аймаққа, Сан ғасырдан қарауыл. Кең алқапты жайлаған, Найзаға ту байлаған. Құрық салып асауға, Мал мыңғыртып айдаған. Желіге құлын байлаған, Осы дала иесі. Қазақ деген қайманаң, Көк тәңірі киесі, Енші берген кең далаң. Ұлан қайыр байтағың, Қанат талар жерің бар. Ұлы батыр қазағың, Қорған болар елің бар. Еңку-еңку жер шалса, Еңкеймейтін белің бар. Жағасына көз салса, Айдын шалқар көлің бар. Қырда жұрты бауырмал, Ақын, батыр, сері, сал, Жатты мүлдем жатсынбай, Ұсынатын ақ саумал. Араздасса ағайын, Биге нардай жүгінген. Бидің таудай сөзімен, Қызулы дау шешілген. Қаз дауысты Қазыбек, Сөзі әділ шешім деп. Айтеке би, Төле би , Тура көрсе шешілмек. Кең даласын жатсынбай, Көшіп жүріп жайлаған. Бірінен бірі қалыспай, Ат жалында ойнаған. Еркін жайлап ерке өскен, Дұшпанға қатал егескен. Бастырмай жаудың аяғын, Толарсақтан қан кешкен. Жан берседе жер бермей, Жауына қатал бір егей, Қарысы шапқан кім еді? Шапқан жауын елемей, Атылған қара жебедей, Қазақтың қара ұлы еді. Жәнібек, Керей ханы бар, Қазақ деген хандық бар. Қасымдай қасқа заңы бар, Есімдей ескі заңы бар. Қасқасына қас қақпай, Басқасына бастатпай, Айыл тұрман тастатпай, Жауына жастық жастатпай, Есімнің ескі жолындай, Бір түменнің қолындай. Әз-Тәукенің тонындай, Абылай хандай асылдың, Хандығына бас иген, Қазақ деген хандық бар. Тәукенің жеті жарғысын, Жарылқап жетім жарлысын. Қой үстіне боз торғай, Жұмыртқалар жарлы үшін. Жарқ еткен Тәуке қаһары, Қайраған отқа намысын. Түз қыран еткен арысын. Қазақ деген хандық бар. Жүрегі иман, жүзі ар, Қара көзді қызы бар. Ұлдары қас батырлар. Жер қайысқан сарбазға, Қол бастаған батыр бар. Қара қанды жауларға, Ойран салып атылар. Қаракерей Қабанбай, Қанығалы Бөгенбай. Шапырашты Наурызбай, Көкше арыстан Баян бар. Асан қайғы іздеген, Бұқар жырау үзбеген, Жерұйығы отаным, Бір қазаққа Алладан, Мәңгілік елге аян бар. Қасымдайын мар қасқам, Есімдейін ер қасқам. Тәукедейін ардағым, Абылай хан аруағым. Есіміңді ел білер, Даңықыңды жер білер. Басымды идім хан ием, Жұртыма қонсын бар киең. Хандықтан қалған аманат, Байтақ жерімді мен сүйем. Жоңғар салсын шіресін, Қоқан қамшы білесін. Хиуа тұрсын қиқылдап, Ойран салдым қиқулап. Сауран менен Сығанақ, Тарихын кім сұрамақ. Отырар, Сайрам, Түркістан, Мұнда қазақ қырқысқан. Сыр бойндағы қалалар, Мәуренахыр далалар. Ташкент басы маңызды, Асан айтқан аңызды. Ата жұртым Бұқара, Өз қолында болмаса , Қайратты туған ер ғаріп. Қазақсыз қалған жер ғаріп. Талас бойы Шуменен, Ақ жалаулы туменен. Қалмақпен талай шабысқан. Ақыры жеңіп табысқан. Қазақ атты халық бар, Қазақ деген хандық бар. Тарихы қалған сан айшық, Еділде сонау Сарайшық. Батыста Ақтау, маңғыстау, Еділ қалмағы жан қыстау. Кіші жүз болып ұрандап, Оларды орыс тұр аңдап. Орта жүз болып сайысып, Сары бел сарбаз қайысып. Кереку менен Қызылжар, Өскемен мен Семейін, Аякөздегі соғысты, Қалай ұрыс демейін. Ұлы жүз болып жоңғарға, Жебедейін атлып, Ащшы ішегін қатырып, Жоңғарға ұрыс салайын, Жерімді қайтып алайын. Сынса серті садаққа, Бастан құлақ садақа. Елдің жанын қуырған, Ақтабанда щұбырған. Қайран менің қазағым, Сор болды ау батпан азабың. Аңырақай, Ор бұлақ, Астында атын ұрғылап, Жорықта найза сермесіп, Ұрыста жаумен белдесіп. Жау болса мойнын қылыштап, Ақ байрақты ту ұстап, Жаудыңда бетін қайтарған. Тарихы қалды артында, Ғұрыпы жатыр салтында. Найзаға үкі байлаған. Үйіріп жылқы айдаған. Ханға басын иетін, Ханы халқын сүйетін, Қазақ деген хандық бар.  

Ойрантөбе

Көкпегі анау ұшында көздің көрінген, Арайлы таңның сәулесі сонда төгілген. Қалмақтың басы сайында жатыр домалап, Ойрантөбенің астында қылып көмілген. Қалмақты мұнда тақымға салып сүйреген, Ақырған жауын найзасыменен түйреген. Жеңіліс тауып аңырап қашқан қалмақтар, Қоршауда қалып жасағы мұнда күйреген. Қорамсақ асып беліне қылыш қыстырған, Қығысып найза атылған жебе ысқырған. Жағасын жыртып байрағын жығып қалмақтың, Қан құйлы қара қанында мұнда құстырған. Тарихы жатыр сырларын бүгіп тастарда, Райымбек батыр қалмаққа ұрыс бастарда. Сөгеті жақтың жазығын басқан ерлігі, Елдігі жайлы береді желік жастарға. Бабадан қалған тарихын ұмыт етпек пе, Қазағым солай әлі де бұғып өтпек пе. Қамалған таста найзамен қазған кешегі, Райымбек батыр бастауы жатыр Көкпекте. Қазақта өтті ел үшін туған ерлері, Осыған куә осынау байтақ жерлері. Арудың тамшы жасындай мөлдір көлдері, Қайысқан жауды қайтарған анау белдері.  

Отырар апаты

Төрт жүз елу адамы менен жүйелі, Керуен тартты бес жузге жуық түйелі. Шыңғысқан өзі керуеншілерді өлтіртіп, Қанына оның Қайырхан болды күйелі. Отырар үшін тұтанды соғыс алауы, Желбіреп жатты бес айға моңгұл жалауы. Қоршауда қалған Отырар халқы қамалда, Аштықтан өлер қалмады басқа амалда. Осылай монғол басталды ашық талауы. Отырар енді оранар соғыс өртіне, Жеітім мен жесір жолығар шердің детіне. Отырарда тірі жан тісті бақа қалмасын, Бұйрығы солай, Шыңғысхан жетер сертіне. Ашыққан ашкөз монғолдар амал таппады, Айласы құрып қара жер үстін таптады. Қылышын соқты алынбас алып қамалға, Жанына үрей көзіне ақ шел қаптады. Бес айдан аса Отырар сырты қоршалды, Тапқаны сол ғой, сілейте ұрды құр шалды. Мыстары құрып тағаты әбден таусылып, Қапырық ыстық боранға ғана тұмшалды. Осыдан бұрын жирма алты қала құлады, Даңғаза болды естіген жұрттың құлағы. Шыңғысханның осы ма еді құмары, Халықтың қаны қанішер монғол бұлағы. Отырар үшін гүлі жоқ бір тал солмаған, Ғасырлар бойы қаланың орны толмаған. Осыдан бұрын сегіз жүз жылдың алдында, Осыдан асқан жауыздық сірә болмаған. Әлимұрат Әнуарұлы

demeu2

Қатысты Мақалалар