Интерпол 45 қазақстандықты іздеуде

/uploads/thumbnail/20170708150913665_small.jpg

    Баптан  құйрық,  айдалада  жатқан  құйрық  деп  елімізден  қыруар  байлықты  ұрлап,  жамбасқа  басып,  шетелде  тайраңдап  жүрген  отандасымыздың  ұзын саны  45 екен.  Халықаралық  қылмыстық полиция іздеу  салған   ол  45-тің    38 ер  адам, ал  7 –уі  нәзікжанды.

   Қашқын әйелдердің   ең  жасы   23 жасар Кристина Якунина болса,  кәрісі  57 жастағы  Лариса Водиниктова екен.  Ал  ер адамдардан  ең жасы  20 жасар   Илья Зарва, ал  ең  қарты  64-тегі әйгілі  Виктор Храпунов. Қашқындардың  арасында  қандасымыз   Лейла Храпунова да  бар.  Ол  алаяқтық жасағаны үшін  және  ақша  жымқырғаны  үшін  ізделініп  жатыр.  Ал  оның  «атақты»  жұбайы  Алматы  және  ШҚО экс-әкімі,  бұрынғы  ТЖМ  басшысы, үстінен   жиырмаға  тарта  қылмыстық  іс  қозғалған  Виктор  Храпунов жасаған  қылмысы бойынша тізімде  көш бастап тұр. «45»-тің  тізімінде «Қазатомпромның»  бұрынғы  вице-президенті Р.Тұрсынбаев бірнеше  қылмысы  үшін, атап айтқанда,  алаяқтық,  жалған ақша  жасап,   қылмыстық  топ  құрғаны үшін, мемлекет  қаржысын  жымқырған, жалған  құжат жасап,  салық  төлеуден  жалтарғаны  үшін, сондай-ақ,  20 миллион АҚШ доллары  көлемінде  ақша  ұрлағаны  үшін  ізделініп  жатыр.  Халықаралық  іздеуде  Атыраудың  бұрынғы  әкімі  Б.Рысқалиев,  оның  інісі, экс- депутат  А.Рысқалиев  те бар. ҚР Бас  прокуратурасының  мәліметінше,  олар  Қазақстанда  жоқ.

   Қазақстан  бұрынғы  банкирі  Мұхтар  Әбілязевке  де  іздеу  салған.  Елімізден  5 миллиард доллар ақша  ұрлап ,  тайып  тұрған  азамат осы  уақытқа  дейін  Лондонда  болған.  Ал іздеу  жарияланған  соң,  мекен-жайын  өзгерткен.

   Сөйтіп, «үздік»  45-тің  тізімі  осылай  жалғаса  бермек.  Бұл  тек  ресми  қашқындар  ғана.  Ал  халықтың  ақшасын  жымқырып, май шелмекке   батып,  арамызда   жүргендері  қаншама?

tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар