Еңбек еткен — мұратқа жеткен

/uploads/thumbnail/20180529105157431_small.jpg

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында АӨК-тің әрі қарай дамуы, соның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту барысы талқыланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарында Ауыл шаруашылығы министрлігі 2015 жылы әзірлеген «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет осы заң ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтық мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін анықтады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың және пайдаланудың негізгі мақсаттары ең алдымен кооператив мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың мүдделерін қорғау; кооператив мүшелерінің кірісін ұлғайту; кооператив мүшелеріне қажетті ресурстарды сатып алуды жеңілдету және олардың өндірістік және басқа да шаруашылық қызметін қаржыландыруға қол жеткізу.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың және пайдаланудың негізгі қағидаты – ауыл шаруашылығы кооперативінен ерікті түрде кіру және шығу, осы Заңның және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысын орындайтын кез келген тұлғаның кіру мүмкіндігін білдіреді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша республиканың ауыл шаруашылығының барлық салаларында 1180 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелді.Тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындауды тек 528 ауыл шаруашылығы кооперативі (АШК) ғана жүзеге асырып отыр. Кооперативтердің қалған бөлігі өз қызметін жаңа форматта жүзеге асырмайды немесе келешегі жоқ деп саналады.

Осыған орай, 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-тің Мемлекеттік бағдарламасына енгізілетін түзетулер шеңберінде әкімдіктерден кооперативтер құру жөніндегі индикативті жоспарлар тәжірибесі алынып тасталынды.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған шаруа қожалықтарының өзара іс-қимылының екі механизмі – өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі құралы: көлденең кооператив және тік (зәкірлік) кооператив. Жеке қосалқы шаруашылықтар жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылық нысандарында кәсіпкерлік субъектілері ретінде кооперативтерге кіре алады.

Көлденең кооператив өнімнің өндірісінде және сатылымында шығындарды төмендету арқылы шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кірісті арттыру үшін өзара байланыс арқылы мүмкіндік береді.

Тік (зәкірлік) кооператив ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін интеграцияны қамтамасыз етуге және бір жағынан өңдеуші кәсіпорындармен және басқа да тұтынушылармен, сондай-ақ өндіріс үшін қажетті ресурстардың жеткізушілерімен өзара тиімді әрекеттесу шарттарын жасауға мүмкіндік береді.

Кооперативтерді одан әрі дамыту үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңының барлық мүмкіндіктерін пайдалану жоспарлануда. Бірінші кезекте:
– Қызмет көрсету бойынша АШК қызметі, мысалы, машина-тракторлы станцияларды құру;
– АШК өндіріс құралдары мен материалдық-техникалық қорлары, мысалы, советтік (аудандық агрохимия) моделге сәйкес тыңайтқыштармен кооператив мүшелерін қамтамасыз ету бойынша қызметі;
– Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудегі АШК қызметі, мысалы, АШТӨ үшін өнім өткізу мен сатып алу үшін дайындау орталықтарын құру;
– Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша АШК қызметі;
– Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде АШК қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұрын құрылған кооперативтерді қолдау жөнінде нақты шаралар қабылдайды. Аталған Заңның арқасында әрі қарай дамуға нақты перспективалары бар кооперативтер қолжетімді және заңға сай барлық мемлекеттік қолдаудың түрімен қамтамасыз етілетін болады. Даму болашағы жоқ кооперативтер үшін мүлік кепілдігін жүзеге асырудың механизмі ұсынылатын болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі салада нарықтық қатынастарды дамытуға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар