Ауыл шаруашылығы министрлігінің жануарлар әлемі мен орман шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған ақбөкен төлінің фото/видеоматериалдарын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Құстар дауысы, жел сыбыры, жаңбыр тамшысы және тып-тыныш ұйықтап жатқан құралай. Бұл - маған ұнайтын көрініс. Жай ғана қалтамнан смартфонымды шығарып, табиғаттың кереметін таспаға тартып алдым", - дейді Сәкен Ділдахмет.
Сонымен қатар, комитеттің баспасөз хатшысы Ырғыз-Торғай табиғи қорығында орналастырылған фотоқақпандарға түскен ақбөкендердің суретін жариялады.
"Бетпақдалада төлдету маусымы ойдағыдай өтті. Фотолардан жаңа туған құралай мен желіні сыздаған бөкендерді көруге болады", - деп жазды ол.
Дайындаған: Әділет Мәдениет
Пікір қалдыру