Жетім көрсең, жебей жүр!

/uploads/thumbnail/20170708150917531_small.jpg

 «Дом» қайырымдылық қорының директоры,  қоғам қайраткері, актриса    Аружан Сайынның пікірінше, Қазақстандағы балалар үйін 7-8 жылдың ішінде босатуға болатын көрінеді деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.

 

 Тележүргізуші Аружан Сайынның сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстандғы 196 интернатта  шамамен 11 мың бала  тәрбиеленуде.  Жыл сайын мемлекет ата-анасынан айырылған тастандылардың есебіне 8 млрд. теңге бөледі. Сонда әрбір балаға орта есеппен шамамен 1 млн.  теңгеден келеді.

     Сондықтан,  Аружан  ханым  балалар  үйінің азаюы  үшін  түрлі  ұсыныстар жасап  отыр.

  «Алдымен,   барлық кемшіліктерді  есепке ала отырып, әсіресе   қаржыландыру жағын жақсылап ойланып, сараптама жасау керек. Мысалы,  бір отбасыда сәби ауру болып туылды делік. Ол отбасының немесе жалғызбасты ананың пәтері немесе ақшасы жоқ. Мұндай жағдайда нәресте өз  үйінде тәрбиелене берсін, бірақ мемлекет қаржыны сол отбасыға бөлсін.  Дегенмен  бұл жерде де тағы ойланып, жағдайды анықтау қажет»,- деді Аружан Сайын.

   Оның айтуы бойынша, 2010 жылдың 8 наурызына қарсы Елбасымен кездесу барысында балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан сәбилердің жағдайы туралы мәселе  көтерілген.  Сондай-ақ, елімізде бұл  жайтқа  заң жағы да    аса  мән  беріп  отыр.  Мәселен, бұрын балалар үйіндегі тәрбиеленушілер жайлы ақпаратты ашық күйінде жариялауға болмайтын  еді,  ал  жаңа  «Неке мен отбасы» Кодексінің қабылдануына байланысты, әке-шешесінің қарауынсыз қалған балалардың суреттерін қөрсетіп, аты-жөндерін және туған күндерін көрсетуге болады.

    Сонымен  қатар,  «2012 жылдың шілдесінен бастап, «Дом» қайырымдылық қоры және Білім және Ғылым Министрлігінің  балалар құқығын қорғау Комитетінің бірігуімен  «балалардың мағлұматы туралы онлайн-банкі» жобасы  іске қосылды. Қазіргі таңда онлайн-банк базасында 2000-ға  жуық баланың ақпараты тұр. Шындығында,  ол жерде Қазақстандағы барлық  тастанды балалардың мәліметі болуы керек»,- деді. Бұл  жүйе  ─ жетім  бала асырап  алушы  қайырымды  жандарға  арналған  ең  тиімді,  әрі  нәтижелі  іс. Себебі,  бала асырап  алғысы  келген кез-келген адам  осы онлайн-банкингке  кіріп,   католог  арқылы  өзіне  ұнаған  баланы  таңдап  ала  алады.   Бұл  жаңа  жүйенің  нәтижесі  де  жаман  емес.   Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер туралы ақпарат орналасқан онлайн-банктің арқасында  жарты жылдың  ішінде балалар үйінен  55 бала асырап алынған. Банк ұйымдастырушылары  аймақтық департаменттерден балалар жайлы ақпараттар молырақ берсе  деген  ниетте.   

 Аружан ханымның айтуына қарағанда,  балалар үйінің азайту  әлеуметтік шаралар санын көбейту керек көрінеді. «Аялы алақан», «Дорога домой» сынды әлеуметтік бағдарламалар қатарын көбейтіп, әлеуметтік роликтерді көптеп түсіріп, насихат амалдарын жүргізу қажет. Осындай  шаралар тұрақты  түрде жүргізілер болса,  болашақта  жетімдер  үйі азаятын  болады»,- деген сенімде.  Бір  қуантарлық жайт,   2005 жылмен салыстырғанда,   Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленушілер саны  қазіргі таңда  әлдеқайда аз. Соғыс кезінде ата-анасынан айырылған балаларды туыстары, ағайындары асырап алатын еді. Біздің халқымызға «балалар үйі» деген түсінік әлі де жат. Соны тіптен алып тастауымыз қажет»,- дейді.

 Түйін:  Бүгінгі  безбүйректік пен  қатігездік  жайлаған  қоғамда  жетімін қазақ  жылатпаса  екен.  «Әр -  қазақ менің  жалғызым»  дейтін азаматтар  болса, жетімдерді   жебей  жүріп,  рухани және  материалдық  көмек  көрсетсе  игі еді.  Себебі  көздері  жәудіреген  қарадомалақ  қазақ  балалары  жетімдік күйін  кешіп, тастанды  атануы  – ұлттың  сүйегіне таңба.  

/span

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар