Астана әкімі 10-қабаттан құлаған 7 жасар баланы құтқарған Артем Каревке 500 мың теңгелік сыйақы табыстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Тағы бір айта кетерлігі, Астана қаласы Сарыарқа ауданы да астаналық тұрғынды марапаттаған болатын. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Бибігүл Абыддин өзінің фейсбук парақшасына жариялаған болатын.
7 жасар баланың өмірін аман алып қалған Артем Каревті Сарыарқа ауданының әкімі қабылдап, телевизор сыйлады.
28 жастағы Артем Каревті бүкіл қазақстандықтар танып, бүгінгі күннің қаһарманына теңеді. Артем Карев 10 қабаттан құлаған баланы қағып алған. Бұл сәтті астаналықтардың бірі видеоға түсіріп алған.
Артемнің өзі болған жағдайды айтып берді.
«Мен балконға шықтым, айғайлаған дауысты естідім, адамдар айғайлап жүгіріп жүр екен. Барлығы мен жаққа қарап тұр. Жоғары қарасам, бала салбырап тұр екен. Ол төменге қарай құлдилай бастағанда, мен оны қағып алдым. Балконға қарай тарттым», — дейді Артем Карев.