Тоқаев салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды

/uploads/thumbnail/20250715154422393_big.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа салық кодексіне қол қойды. Аталған заң 2026 жылдың қаңтар айында күшіне енеді.

  Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында. 

Жаңа Салық кодексі бойынша:
  • Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) көрсеткіші 16% болады;
  • ҚҚС төлеу шегі - 40 млн теңгеден бастап (жылдық табыс);
  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге ҚҚС төмендетілген мөлшерлемелері енгізіледі.
Жаңа Салық кодексінде өзгерістер кәсіпкерлік, бюджет, кеден, әлеуметтік кодекстеріне, сондай-ақ өнеркәсіптік саясат, мемлекеттік сатып алулар және сауда қызметі туралы заңдарға енгізілді.
  • Жаңа салық кодексіне енгізілген өзгерістер:
  • фермерлер – табысы 230 000 АЕК-тен жоғары болса (900 млн теңге) салық салынады. Мөлшерлеме 4,5 пайызға тең;
  • Қазақстандық және халықаралық биржалар арасында теңгерімсіздік болмауы үшін KASE бағалы қағаздарынан түсетін табысқа жеке табыс салығы салынбайды;
  • төлем карталары - карта бойынша жүргізілетін операциялар қосымша құн салығынан босатылады;
  • қымбат автокөліктерге (75 миллион теңгеден астам), яхталар мен ұшақтарға акциз салынады;
  • мүгедектігі бар адамдар – кемінде 10 мүгедектігі бар адам жұмыс істейтін компаниялар қосымша құн салығынан босатылады;
  • газеттер мен журналдар – отандық баспа басылымдары үшін қосымша құн салығы 10 пайыз болады.

Еске салайық, Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Сенат енгізген түзетулерді қабылдап, Қазақстанның жаңа Салық кодексін мақұлдады. 2025 жылдың басында Ұлттық экономика министрлігі жаңартылған Салық кодексімен Парламентке жүгінген болатын.

Құжатта, басқа да өзгерістермен қатар, ҚҚС (қосылған құн салығын) қазіргі 12%-дан 20%-ға дейін көтеру ұсынылған еді. Алайда талқылау барысында ҚҚС-тың түпкілікті мөлшерлемесі 16% деңгейінде бекітілді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар