Қазақстандық актер Қайрат Кемалов қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20250717153934235_big.webp

Қазақстандық әртіс Қайрат Кемаловтың қайтыс болғаны белгілі болды. Оның қазасы туралы Қарағанды облысының әкімі хабарлады.  Ермағанбет Бөлекпаев Instagram-парақшасында марқұмды еске алып, жазба жариялады.

"69 жасқа қараған шағында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті актер Қайрат Кемалов өмірден өтті. Ол бүкіл саналы ғұмырын театр саласына арнады. Қайрат Кемаловтың өнердегі мансабы Қарағандыда басталған еді. Оның өнердегі жетістіктері халықаралық дәрежеде жоғары бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Ол түрлі тарихи образдарды сомдауда актерлік шеберлігімен көріне білді", – деп жазды әкім.

Қайрат Кемалов – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. inkaraganda.kz сайтының мәліметінше, ол 1957 жылы 8 қаңтарда Қарағанды облысындағы Ақтүбек ауылында дүниеге келген. Алматы, Қарағанды және Астана театрларында жұмыс істеген. 1995 жылдан бері Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері болды. Оның жарқын жобаларының бірі – "Алтын тақ" (2019) фильмі.

Қатысты Мақалалар