Бүгін үкімет сағатында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы жетістік пен кемшілік қатар айтылды

/uploads/thumbnail/20181018135439500_small.jpg

10 қыркүйекте Мәжіліс үйінде «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға байланысты «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында автомобиль жолдарын дамыту» атты үкімет сағаты өтті. Аталмыш шараға министрлік пен ведомствалардың өкілдері мен «Қазавтожол» АҚ өкілі қатысты.

Елімізде жол мәселесі әлі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып саналады. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүргізу барысында да түрлі тәртіп бұзушылықтар мен олқылықтар байқалған. Иә, «Мәскеу бірден құрылмады» демекші барлығы бірден мінсіз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты аталмыш жобаны жүзеге асыру барысындағы кемшіліктер мен олқылықтардың орнын толтыру үкімет отырысының басты мақсаты.

Үкімет сағатында алғаш болып сөз бастаған вице-спикер Владимир Божко «Төртінші өнеркәсіптің дамуына жасалған жаңа мүмкіндіктер» атты ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауының маңызы туралы сөз етті. Аталмыш жолдау еліміздегі автожол мен порт құрылысын дамытуға мүмкіндік береді.

"Транзиттік әлеуеттің дамуына арналған Елбасының тапсырмасы Мәжілісте үнемі бақылауда ұстаймыз. Бұл «Нұрлы жолдың» басқа да бөлімдерінің қатарында, 2016 жылдың 26-желтоқсаны мен 2017 жылдың 10-сәуірінде өткен үкімет сағатында қарастырылған болатын.

Соңғы үкімет сағаттардың бірінде халықаралық деңгейде Өзбекстан, Норвегия және Әзірбайжан елдерінен көлік тасмалдау мәселесі мен Евразиялық экономикалық одақтың кедендік кодекс туралы келісімшарт талқыланды. Кейін «ҚР кедендік қызметін реттеу» заңы қабылданды.  Бұл заң арқылы шекаралас елдердің арасындағы тасымалды рәсімдеу ретке келтірілді.

Тағы бір айта кетерлігі Елбасының тапсырмасымен көптеген жолдар жөндеуден өтіп, осы жобалар арқылы 75 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді. 2015-2017 жылдар аралығында бірінші және екінші дәрежелі 1,8 мың шақырым жол салынып, жөндеуден өтті.

«Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы біздің ел әлемдік деңгейді қалыптастырып, қол жеткізуге ықпалын тигізгенін де атап өтпесе болмайды", деді вице-спикер. 

Алғашында бағдарлама аясындағы жетістіктерлді жіпке тізгендей атап өткен Божко "Ұлт жоспары – жүз нақты қадам» жобасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы қателіктерді айтты. 

 «2018 жылы жол салу жоспарына көп күш салынды. Сонымен бірге жалпы зындығы 528 шақырымды құрайтын 22 жобаны аяқтайтын уақыт келді. Сонымен бірге осымен тоқтап қалмай басқа да маңызды жоспарларды жүзеге асыруды жалғастырған жөн. Сараптама нәтижесі бойынша, «Нұрлы жол» мен аталмыш жобаны жүзеге асыруға бағытталған шараларда жүйелік мәселелер де жоқ емес. Себебі құрылыс пен жол қозғалысы  жоспар бойынша аяқталатын уақыты қадаланбаған, осының салдарынан кей жобалар уақытылы аяқталмай жатыр», деді Божко.

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзіңі баяндамасында аталмыш бағдарламаның басты бағыты автожол саласы екенін тілге тиек етті.

«Бұл бағытта еліміздегі автомобиль жолдарын реконструкциялау мен салу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге олар еліміздің ірі қалаларын сапалы инфрақұрылымға қосатын, автокөлікпен транзиттік жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді», деп баяндама жасады Жеңіс Қасымбек.

Аталмыш үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сабильянов та қосымша баяндама жасап, автожол саласының дамуына кері әсер ететін бірқатар мәселелерді атап өтті.

Оның айтуы бойынша, автомобиль жолдарын дамыту барысында бағдарламаға сәйкес бюджеттен 2 трлню 400 млрд теңге қарастырылыпты.

«Автожол саласының дамуына кері әсер етіп жатқан мәселелер бар. Атап өтетін болсам, біріншіден, автожол бойынша жобаларды іске асыру барысында бастапқыда белгіленген мерзімнің бұзылуы, оларды бірнеше рет түзету мәселесі; Екіншіден, бұл салынған жолдардың сапасы; Үшіншіден, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде кей жобалардың жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмауы; Төртіншіден, жол жабындарының көтеру қабілеті аз уақыт ішінде тозып кетуі; Бесіншіден, аймақтық маңызы бар жолдарды жөндеуге қаржы бөлінуі, Алтыншы, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге байланысты жобаларды қаржыландыру кезінде ашық ақпар таратылмауы, ашықтықтың болмауы; Жетіншіден, жол сервисінің дамымағандығы мен автожолдарда навигация жүйесінің болмауы», деп атап өтті Сабильянов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар