Дональд Трамп екінші рет АҚШ президенті атанды

/uploads/thumbnail/20250121120939310_big.webp

Вашингтонда өткен инаугурацияда Дональд Трамп ресми түрде АҚШ-тың 47-президенті ретінде қызметіне кірісті.

Сонымен қатар вице-президент лауазымына Джеймс Дэвид Вэнс тағайындалды. Инаугурацияға бұрынғы президент Джо Байден қатысты. Еске салайық, Трамп төрт жыл бұрын Байденнің инаугурациясына қатысудан бас тартқан еді.

Дональд Трамп президент ретінде қызметке кіріскеннен кейін Байденнің шешімін жоятын бірнеше жарлыққа қол қоюға ниетті.

Ол АҚШ-Мексика шекарасында "төтенше жағдай" жариялауы, Аляскадағы мұнай мен газ өндіруге тыйымды алып тастауы және федералды үкіметте әртүрлілік, теңдік және инклюзия қағидаларын енгізуден бас тартуы мүмкін.

Капитолий ғимаратына келген Трамп Конституцияны қорғауға және халық мүддесіне қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Ол өз сөзінде: «Мен АҚШ президентінің міндеттерін адал орындауға және бар күш-жігеріммен Конституцияны қолдауға, қорғауға және сақтауға ант етемін» деп атап өтті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар