Мұндай шешім Кеңес Одағы тұсында болған. Енді Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу мәселесі қайтадан талқыға салынуда.
Мәжiлiс депутаты Болат Керімбектің сөзінше, қазақстандық қыздар ана болудан саналы түрде бас тартып жатыр.
– Материалдық құндылықтар моральдық құндылықтан асып кетіп жатыр, өйткені отбасының басты мақсаты – ұрпақ әкелу және тәрбиелеу, ұрпақ жалғастыру, рухани құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Уақытында үйленіп, балалы болу керек. Қазақстандық қыздардың ана болудан саналы түрде бас тартып, "өзі үшін" өмір сүруді қалайтыны алаңдатады, – дейді ол.
Сарапшылар мұндай шешімдер жастардың елден көшуіне себеп болуы мүмкін екенін алға тартады. Сондықтан, салық салу мәселені түбегейлі шешпейді. Ең бірінші, отбасы мен балалардың өмір сүруіне лайықты жағдай жасау керек. Д.Серікпаев "Цифрлық әлеуметтік зерттеулер" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Жанна Әубәкірова да осындай пікірде.
– Одан да дүниеге келген бүлдіршіндер жағдайы, мектепке дейінгі мекемелер, яғни балабақшалар мен қосымша білім беру институттары, орта және жоғары білім оқу орны, жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері назарға алынсын, – деді ол.
P.S. Кеңес одағында 1992 жылға дейін ерлер мен әйелдер балалы болмағаны үшін жалақысының пайызын төлеп отырған.
Пікір қалдыру