Қазақтар дәретханаға баруды орыстардан үйренді: Беларусь азаматшасы 2 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20250123130247677_big.webp

Kozachkov offside телеграм арнасының мәліметінше, Беларусь азаматшасының қылмысын әшкерелеуге украиналық азамат көмектескен. Ол тікелей эфир барысында әйелдің сөздерін видеоға жазып алады.
Алматының 38 жастағы тұрғыны Татьяна Мезина "Чат-Рулеткада" қазақтар дәретханаға баруды орыстардан үйренгенін айтады. 
"Кеңес өкіметі келгеннен кейін орыстар қазақтарды киіз үйден шығарып алды. Киіз үйдің артына емес әжетхананы көрсетіп, сонда дәрет сындыруға болатынын үйретті.  Тіпті олар "дәретхана қағазын қолдануға болады екен ғой. Біз су қолданамыз" деп таңырқасты. Міне, орыстар Қазақстанға өз мәдениетін алып келді. Басқа сырттан келгендерге қарағанда Қазақстанға орыс ұлты кешірек дамыды" деді әлеуметттік желіде айтқан сөзінде. 
Бұдан сорақысы, Қазақстанның Ресейге қайта оралғанын, Ресейдің қарамағына өткенін қалайсыз ба? деген сұрақтарға сотталушы: 
- Иә, дінімді ауыстырамын. Беларусьті де алсын, бәрін алсын. Бір ел болайық! Қазақстан Ресей болсын! деп жауап берген.
Сот барысында әйел өз кінәсін толық мойындап, сол кезде мас болғандықтан, бос сөз айтқанын. Әрі ісіне өкінетінін жеткізе отырып, өзін ба бостандығынан айырмауды сұраған.  
Судья Залина Махарадзе  сотталушының ұстанымын ескеріп, оны 2 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық кодекстің 174-бабына  сәйкес (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Татьяна Мезина жазасын қауіпсіздігі барынша төмен режимдегі колонияда өтейді.

Үкім заңды күшіне еңген жоқ. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар