Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен 2014 жылы қабылданған 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша жобалар талқыланып, тапсырмалар берілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Кейін араға 4 жыл салып аталмыш бағдарлама мемлекеттік мәртебе алды. Аталмыш бағдарламаға «Аймақтарды дамыту», «Моно-қалаларды дамыту», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту», «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының жобасы енгізілді.
Бұл бағдарлама халық капиталын экономикалық өсімі жоғары орталықтарға шоғырландыруды көздеп отыр. Сонымен бірге бағдарлама халықтың тұрған аймағына да мән бермей, керісінше инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруді көздеп отыр.
Жиын барысында Ұлттық экономика-министрі Тимур Сүлейменов бағдарлама толықтай жүзеге асырылып жатқанын айтты.
«2017 жылдың қорытындысына сәйкес төрт агломерация халқының жалпы саны осыдан 3 бұрынғы яғни 2015 жылмен салымтырғанда 460,1 мың адамға өсті және 6,2 млн адам болжамында 6,6 млн адамды құрады. Былтыр жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілсе ендігі кезекте соған сәйкес барлық үкіметтік бағдарламаларды да мемлекеттік бағдарламалар мәртебесінде бекіту қажет. Осыған орай қолданыстағы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі үкіметтік бағдарламасының міндеттері мен нысаналы индикаторларын, нәтиже көрсеткіштерін бақылап, өзекті болуына жағдай жасай отырып, мемлекеттік бағдарлама ретінде қайта форматтау жоспарланып отыр», дейді Тимур Сүлейменов.
Өңірлерді дамыту әр макроөңірге арналған инвестициялық басымдықтарды, еліміздің аумақтық дамуын жетілдіруді, инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуды және халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды әрі тиімді түрде қамтамасыз етуді көздеп отыр.
«Күрделі жөндеуді талап етіп жатқан кондоминиум обьектілерінің үлесін азайту жұмытары жүргізілуде. 2017 жылдың қорытындысын негізге алсақ, осы көрсеткіш Қазақстан бойынша орташа есеппен 2 пайызға төмендеп, 25 пайызды құрады. Ал ЖАО ақпараты негізінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау және салу нәтижесінде қалалық желілердегі сумен жабдықтаудың апаттылық коэффициенті 0,35-ке дейін, су бұруда 0,16-ға дейін төмендеді. Сонымен бірге су тоғандарында нормантивтік тазартылған ағынды сулардың үлесі республика бойынша 91,1 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш осыдан 3 жыл бұрынғы көрсеткіштен 10,1 пайызға жоғары», деді Ұлттық экономика министрі.
Сонымен бірге Тимур Сүлейменов Елбасының Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жыл сайын кемінде 100 млрд теңге бөлуді тапсырғанын да тілге тиек еткен болатын.
«ҚР 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының ережелерінен шыға отырып, мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – басқарылатын кенттену және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп анықталған», - дейді ұлттық экономика министрі.
Пікір қалдыру