Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.
Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы 1975 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген.
Алматы энергетика және байланыс институтын "Радиоинженер" мамандығы бойынша (1997), Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген (2000).
Еңбек жолы:
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ТМД елдерімен әскери ынтымақтастық бөлімінің офицері (1998), ҚР Қорғаныс министрі аппаратының Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің Шарт-құқықтық бөлімінің офицері, аға офицері лауазымдарында әскери қызмет атқарды (1998-2002).
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің консультанты (2002-2003), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп секторының консультанты, кейін меңгерушісі болды (2002-2005).
Кейін ҚР Парламенті Сенаты Аппаратына ауысып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара іс-қимыл бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды (2005-2011).
ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында ҚР ҰҚК Заң департаменті бастығының орынбасары, бастығы қызметін атқарды (2011-2016).
2016 жылдан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерде болды: Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара іс-қимыл бөлімі меңгерушісі (2016-2017). ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары (2017-2019). ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі (2019-2022).
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды. (01.01.2023 ж. бастап қазіргі дейін).
"Ерен еңбегі үшін" «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және бірқатар мерекелік медельдармен, сондай-ақ Жоғарғы Соттың, ҰҚК, ҚорМинінің, ТЖМ-нің ведомствалық наградаларымен марапатталды.
Пікір қалдыру