Қарағандыда екі бөлмелі тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала сыртқа өздігімен шығып үлгерген. Көмірқышқыл газына уланған олар балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. 1964 жылы туған әйел де ауруханаға жеткізілген.
Құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесін тапты. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.
Пікір қалдыру