Қазақстандағы халық саны жылдан жылға өсіп келеді. Оған айқын дәлел ретінде тәуелсіздік жылдардан бері Қазақстан хақының өсуін мысалға келтірсе болады. Яғни 1991 жылы Қазақстанда 16,7 миллион халық тұрса, 2017 жылдың қыркүйек айындағы көрсеткіш бойынша халық саны – 18,3 миллионға жеткен.
Оған табиғи өсім, Қазақстанда ұтымды жүргізіліп жатқан жүргізіліп жатқан көші қон саясатын қосыңыз. Қазақстан Республикасы статистика комитетінің ағымдағы жылғы демографиялық ахуал туралы ақпаратын назарларыңызға ұсынамыз.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы әрбір 82 секундта 1 адам тірі туылады. Ал әр 239 секундта 1 адам түрлі жағдайға байланысты қайтыс болады. Бұл қазан айындағы көрсеткіш.
Жыл басынан бері тірі туған балалардың саны - 325 396. Өлі туылғандар – 110 038. Ал жалпы өсімге келер болсақ, ағымдағы жылдың цифрлар оның – 197 044 екенін айтады.
Ал бір тәуліктегі көрсеткіштерге көз жүгіртетін болсақ, бір күнде тірі туылғандар – 484, қайтыс болғандар – 166. Жалпы өсім – 288.
Сөзіміздің басында айтып өткендей, Қазақстанға шет аймақтардан көшіп келіп жатқан этникалық қазақтар көп. Статистикалық мәліметке сүйенетін болсақ, әрбір 2106 секундта Қазақстанға 1 адам келеді екен.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Қазақстандағы құзырлы органдар әлемнің түкпір-түкпірінен келген, түрлі себептерге байланысты шетелде туып, өскен этникалық қазақтар елге келгенде олардан соттылығы туралы анықтаманы талап етпеу туралы заң қабылданды. Яғни, былтырдан бері қандастарымыз тұрақты тіркеуге тұрып, ықтияр хат алғанда соттылығы туралы анықтаманы сұратпайды.
Этникалық қазақтардан аталмыш анықтаманы талап етпеу туралы мәселе 2015 жылдан бері көтеріліп келген. Себебі соттылығы туралы анықтаманы алу үшін этникалық қазақтар талай машақат пен қиындықты бастан өткерді. Атап айтар болсақ, Қазақстанның негізгі Алматы мен Астана сынды қалаларына сабылу деген секілді.
Аталмыш шешім шыққан жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында этникалық қазақтардың тұрақты тіркеуге тұруы мен азаматтық алуын жеңілдету керектігін айтқан еді. Астанада өткен құрылтайда құжаттарды рәсімдеу кезінде әр есікке жүгіріп, сабылмауы керек екенін айтқан. Елбасының бұл тапсырмасынан кейін этникалық қазақтардан соттылығы туралы анықтаманы сұратпау туралы шешім шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы Астанада өткен болатын. Президенттің қандастарымыздың құжат рәсімдеуіне қатысты тапсырманы 23 маусымда айтқан болатын. Сол уақытта бүкіл Қазақстан болып қуанған едік. Бүгін сол тапсырма күшіне еніп, оның жемісін көріп отырмыз.
Қазақстан азаматтығын алғысы келетін немесе тұрақты тіркеуге тұрғысы келген этникалық қазақтар құжат рәсімдеуде қиналып, елдің бір шетінен екінші шетіне сабылмайтын болды.
«Қазақстан Республикасына келгеннен кейін этникалық қазақтар құжат рәсімдеу мақсатында әрі-бері сабылмауы қажет. Себебі Қытайдағы этникалық қазақтардың сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама алу ағайындарымыздың арғы беттегі еңбегіне мәселелер туғызады. Осы жағын ақылдасып, шекарада тұрғысынан ақылдасуымыз керек!» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайындағы берген тапсырмасынан кейін, ел президентінің тапсырмасын шұғыл орындау үшін Қытай Халық республикасынан келген қазақтардан Қазақстанда тұрақты тіркеуге тұруға рұқсатты алу кезіндегі соттылғаны немесе сотталмағаны туралы анықтаманы талап етуді алып тастау туралы шешім шықты. Ол былтыр 2 тамызда Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ азаматтарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаттарын бекіту туралы» №523 бұйрығымен бекітілді. Қазіргі таңда, Қытайдан келген этникалық қазақтардан соттылығы туралы анықтама талап етілмейтін болды.
Келешекте тек Қытай Халық республикасынан ғана емес, басқа елдерден көшіп келіп жатқан этникалық қазақтардан да тұрақты тіркеуге тұруға және азаматтық алған уақытта соттылығы тура анықтаманы талап етпеу туралы мәселе талқыланып жатыр. Қазіргі нәтижелі көші қон саясаты негізінде оның да ауылы алыс емес екені анық.
Пікір қалдыру