Атамекенін аңсап жеткен балапан жүректі жастардың өлең өлкесіндегі алғашқы аяқ алыстарынан Отанға, туған жерге деген сағыныш, елге деген махаббаты айрықша көрініс тапқан. Тәуелсіздігімізге қол жеткен тұста дүние есігін ашқан бұл жалынды жастардың сол тәуелсіздіктің мәнін ұғынып, елдің қыран құстай еркін болуын ата-бабаларымен бірге, қатар аңсағандай күйде болуы тұла бойыңды шымырлатып, ерекше сезімге бөлейді.Тәуелсіз Қазақстан туралы :
Сен туылғанда, Бар елің шаттанып қуанған шығар. Айығып мұңнан жұбанған шығар. Алладан сені сұраған шығар. Мен сенен бір жас кішімін. Өткен күндерде Көрсем де талай тағдыр қыспағын. Көңілде сені биік ұстадым. Жетсем де қанша биікке ертең, Алдыңда мәңгі кішімін, Қазақстаным!Туған елдің жері де, тауы да биік. Сол жерде өскен ұрпақтың рухы да биік болуы ләзім.Ұлттық болмыс, сана, тіл, дәстүр ешқашан аласармауы қажет.Тау-әрқашан биік.Асқақ. Заңғар. Тау баласы тауға қарап өседі.Биікке ұмтылады.
Мен таулықпын. Тау – тұғырым. Ұлы таудың ұлымын. Ұлы таудан ұққанмын Ұлылардың ұғымын. Кекіліннен самал сипап ұлының, Жел тербеген қыздарының бұрымын. О, киелім қорғаным, Саябағым, орманым. Тастарыңнан жаттап баба тарихын, Самалыңнан дарқандығың даритын. Жас жанымды қайсарлыққа жанитын,- дей келіп әр нәрсенің өз биігі, шегі бар дегенді де естен шығармайды.
Көз сап сенің дара тұлға төсіңе, Қайтқандаймын ата ақылын түсіне. «Тауға қара, асқақтама »-, дейтұғын Атам бүгін оралады есіме.Тым тәкаппар болу, әсіре асқақтаудың «айға шапқан арыстанның» кебін келтіретінін терең түйсінеді. Өлеңдердің мазмұнына айшықты өрнектер, әдемі ұйқастар ерекше көрік беріп тұр. Жалынды жастардың жауқазын жырларына сәттілік тілейміз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің доценті, ф.ғ.к., Алдабек Нұргүл Әбдіразаққызы

Өмір сүрдім жат елде мен бұйығы, Жанымның бір жазылмай шер-күйігі. Жер бетінде шыңдар көп, бірақ ,бірақ Мен үшін Алатау ғой ең биігі. Алаштың асып туған ер Түрігі, Сардаланы аңсапты-ау мен түгілі. Жер бетінде өзен көп, бірақ, бірақ Еділ менен Жайық қой ең тұнығы. Ертіп кетші ағатай елге мені, Сағынышым тарқамас кеудедегі. Бұл жақтада ақын көп, бірақ ,бірақ Өзім құсап сағыну ең керегі.
Махаббат мұңыЖылаттың ғой сен мені, Мен біреуді жылаттым. Күліп жүрген жандардың Күлкісі де бір-ақ күн. Қалғаныңа қайғырма, Сүйгеніңе қосылмай. Махаббаттың майданы Әділетсіз осындай. Қолдан илеп бақытты, Жасап алса адамдар. Айтыңдаршы, айтыңдар, Онда өмірде не мән бар?! Айхай, менің тірлігім ! Айналайын киеңнен. Күліп келген шаттықты, Жылыттырып жіберген.

Ұмыт деме,ұмытамын бәрінде, Жүрегіңнің жолы болса сан тарам, Айтшы сәулем сені ойлаудың мәні не?! Махаббат – ол, отаспайтын басқаға, Жүрегіңді еткен жалғыз – Астана, Жалғыз тарам жол ғана. Махаббаттың құдыретін түсінбей, Болашақтың жасадың ба ісін кей? Жүрегіңе тұтқын болдым біраз күн, Бірақ мені көрме сәулем мүсіркей. Бәрі бітті, жоқ-ау енді айтары, Жүрегімді ұялама! Өз ортаңа қайт әрі. Менің кеудем пәк махаббат ордасы. Емес елдің асыр салған байтағы, Қу сезіммен отаспайтын қайдағы. Мен бір жанмын ізгілікті сүйетін. Ақиқатқа басын еркін иетін. Арамдықта таудай пайда жатсада, Бұзбай келген, Бұзбай келген ниетін. Ақ пен қара отаспайды әрқашан, Бақытты бол, бақытты бол өмірде Осы менің адал, жарқын ниетім. Махаббатқа бұрған жандар ат басын, Мейлі менде жалғыз деген атқалсын. Ұлы сезім құдыретін түсінбей, Қаға көрме жүрегімнің қақпасын.
Мен таулықпынМен таулықпын. Тау – тұғырым. Ұлы таудың ұлымын. Ұлы таудан ұққанмын Ұлылардың ұғымын. Кекіліннен самал сипап ұлының, Жел тербеген қыздарының бұрымын. О, киелім қорғаным, Саябағым, орманым. Тастарыңнан жаттап баба тарихын, Самалыңнан дарқандығың даритын. Жас жанымды қайсарлыққа жанитын. Жапалақты жарты жолда қалдырған, Қыраның да қанаттарын талдырған. Көз жеткісіз сенің асқар шыңдарың, Әз бойыма өршіл мінез тудырған, Ұлы арманның көбелегін қудырған. Көз сап сенің дара тұлға төсіңе, Қайтқандаймын ата ақылын түсіне. «Тауға қара, асқақтама »-, дейтұғын Атам бүгін оралады есіме. Тау –тұғырым, ізгіліктің жыр-әні, Қасиеттім шомылдырған шуағы. «Таудай бол»- деп бата берсе бір қартым, Төбем көкке жеткендей боп тұрады.
Жолаушы ҚызАлматы кеші. Шілде айы. Бармайтын мен де ұдайы. Ауылға туған жол алғам Сағынтып майса қурайы. Пенде едім сезім тоналған Қауышты маған бір арман. Айдай сұлу келбетті Бізбен бірге бір ару. Бір сапарға жол алған. Ұрлана қарап сыртынан Жүрекке ғажап сыр тұнған Сұлуға теңеу таба алмай Жібіді менің өр тұлғам. Жарқырап жатты қара жол. Жетсе ғой шіркін саған қол Көркіне мас боп отыр ем Жымиып ғана қарады ол. Бір сезім билеп ақынды Сырластым барып батымды Сезбейсің бірақ мүлде сен Жүрекке жаздым атыңды. Аз күндік мынау тұрмыста Сұлуды сүю қылмыспа ?! Сырласқан шақта сол қызбен Сезілді маған жол қысқа. Келбеті-ерен, мінезі оның бай дала Күлкісінен нұрланатын айнала. Қалдырды да махаббаттың шыжымын Қоштасарда қол бұлғады жай ғана. Еш дәрменсіз қарап тұрмын соңынан Күзетемін елге қайтар жолыңнан Бізді бөлсе Үрімжінің көшесі Оқасы жоқ Алматыда жолығам.

Сен туылғанда, Бар елің шаттанып қуанған шығар. Айығып мұңнан жұбанған шығар. Алладан сені сұранған шығар. Мен сенен бір жас кішімін. Балалығым ғой, Бар екеніңді білмедім сенің, «Өзі тапсын»,- деп жүр ме едің тегін. Күн болып күлер сен бе едің көгім, Мен сенен бір жас кішімін. Ержеттім мен де. Іздедім сені Тәңірден сұрап. Көкейде қалды жауапсыз сұрақ. Алысқа кеттің қалдырып жырақ Мен сенен бір жас кішімін. Жетем деп саған. Сарғайып санам,күз боп барамын. Үмітімді деме, «үз»,-деп қарағым. Кешікпей сені іздеп табамын, Мен сенен бір жас кішімін. Сеземін мен де. Менің жан-тәнім барлығы сенде. Таралған менің тамырым сенде. Алланың берген жарығы сен бе? Мен сенен бір жас кішімін. Өткен күндерде Көрсем де талай тағдыр қыспағын. Көңілде сені биік ұстадым. Жетсем де қанша биікке ертең, Алдыңда мәңгі кішімін, Қазақстаным!
Толқындар мұңыМен тұрмын үнсіз жағасында теңіздің Келмейді менің үмітімді көп үзгім. Толқынмен бірге толқиды менің көңілім, Ойлаушы едім мен теңізбен ғана егізбін. Шетсіз де шексіз жарқырап жатқан айдыны Жасырып жатыр,жан білмес түпсіз қайғыны. Сан ғасыр толқып шықпаған шері жүректің Үнсіздік – оның бірден -бір ғана байлығы. Мұң-зары оның бар әлемге жетсе игі Айта алмай сырын жиегі ғана көпшиді. Көмейден шықпай,көңілде зары көмілген Жағаны ұрып,жаралы үнмен өксиді. Сылқым арудай сылқылдап жасын бұлайды. Алдыма келіп, етпеттен түсіп құлайды. Түсінер кім бар, шын сырын алып теңіздің Кім жауап берер, толқындар неге жылайды?! Мұңдасқым келіп,сырласқым келіп оқталам, Жанардан аққан жасымды жан жоқ жоқтаған. Мұңлықтай болып, ішімде кетер мұң-зары Сол толқындарды өзімбе екен деп қалам. Теңізде кетті талай жырларым жатталмай Толқындар бейне адамдай қалған ақталмай. Тобымен келіп жабысады жағаға, «Құтқаршы»,- деп жалынып маған жатқандай. Зарлы бір үнмен шықпайды-ау ешбір қорытынды Асау ағыстар бар күшін салып бұлқынды. Аяқтан сүйреп тартады теңіз тағыда, Бейшара мынау құтқарғым келед толқынды. Жетім толқындар күндіз-түн әсте тынбайды. Күн батса болды,тулайды тіптен шулайды. Талпынып келіп, талықсып қайта қайтады, Қайғысын оның кімдер кеп енді тыңдайды?

Жүрегім менің қалқа қыз сен деп жылап тұр Көзімде сен деп жанарды жасқа шылап тұр. Кірпігім менің көзімнен аққан жастарды Түсірмей жерге іліп ап халін сұрап тұр. Адамның жасы Алланың нұры емес пе! Періште тамшы жүзіме тамып құлап тұр. Алмадай бетім әп-сәтте қалды қуарып Әжім де түсті ізіндей көштің шұбалып. Сүйкімім кетіп,сыйқым да қашты осыған Қатпар боп тұрған қабағым етер куәлік. Бүлдірген ернім шұжықтай болып тартылды. Жоғалттым енді шыбықтай шырын қалпымды. Жалғыздық деген жел келіп алып есімді Тозаң ғып жатыр табиғатымды тартымды. Шыжыған ыстық. Маңдайым шалып әр күнді. Қуаңшылық көңіл жаңбыры жоқ сарқылды. Байлығын бірақ тоналтып алған бай құсап, Жақтырмай жүрмін жексұрын болып әркімді. Жүрегім менің! Еңлігін сүйген Кебек ет, Ханшасы жоқ ханзада ғұмыр не керек. Сүйсе де тіпті болатын жаным жаралы, Күйсе де отты айналып жүрген көбелек. Жүрегім менің қалқа қыз сендеп жылап тұр. Жақынсың өзің, жүрегің әлі жырақ тұр. Түсінем десең мендегі ғашық жүректі Жылаудың халін ендеше сенде жылап біл.

Сағындым ана , өзіңді ғана, Сұм тағдыр салды жүрекке жара. Елуге жетпей айырды бізді Жоқ екен амал, тағдырға шара. Тағдырға мынау налимын жылап , Бұл қалай деген жандарға сұрап. Кеттің ғой ана, тастап сен бізді, Бәрінен алыс, бәрінен жырақ. Ақ еділ , жарқын жан едің ана, Тағдырға мынау не жаздым Алла?! Еркелеп ылғи жүруші ем ана , Айтушы ем сырды өзіңе ғана. Есіме түссең ауырып жүрек , Сағыныш кетер тіпті де үдеп. Ақ еділ ана , сағынып сізді, Жабығып жаным ,жүрмін мен жүдеп. Өтседе жылдар, зулаумен айлар, Сағынып ұлың өзіңді ойлар. Анашым асқар таудан да биік, Таусылмас мәңгі сағыныш жылдар. Құлазып далам, сағындым анам, Өзіңе арнап жырымды жазам. Жүректе жатқан сағыныш жырын Осылай ғана жеткізді балаң.
Есқат Толқынұлы Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейін білім беру факультетінің тыңдаушысы Сағындым алақаныңдыКөктемнің самалы сипап, Құшағын ашқанда күліп. Мен бейғам жатамын ұйықтап, Сіз ерте кеткенде тұрып. Сырттағы тіршілік сонда, Қызып бір тұрушы еді күнде. Сүт толы шелегің қолда, Аяңдап келуші ең үйге. Сондағы еркелік бүгін Ұдайы есіме келеді. Уайымсыз бал – бала күнім, Түсіме түңлігін кереді. Көк жайлау, көкорай шалғын, Құстардың үні де тұрды. Ақ бұлақ балауса балғын, Соны шөп гүлдер бар түрлі. Бал қымыз,ақ айран ұрттап, Томпаңдап жүруші ек күліп. Қалтаға толтыра құрт сап, Кетуші ек көбелек қуып. Арқалап арқаңа мені, Жотаға шығатын шіркін. Жайлаудың қарқара белі, Қырқасы қиял ғой бұл күн. Қыран құс жүр мекен әлі, Сағынып сіз бенен мені. Қарағай тұр мекен әлі, Теңселтіп үрлеген желі. Балдырған бала таңымды, Әжетай жыр етем кімге? Сағындым алақаныңды, Басымнан сипайтын күнде.