Даңықпен өткен бір ғұмыр...(Еркін Ілясұлы туралы)

/uploads/thumbnail/20170708174931432_small.jpg

Көзі тірісінде лайықты бағасын алмаған Еркін Ілясұлын Қытай елінің Шинжаң өлкесінде қазақтардан танымайтыны жоқ шығар. Ол да Алаштың  айбоз  азаматы. Өлшеулі ғұмырын айтыс өнеріне арнаған. Қазақ айтысының дамуына өлшенбес үлес қосып. Өзгеше сарын, өткір теңеулермен, өрнекті ұйқыс, әуезді ырғағымен келген. Еркін ақын ел сүйіспеншілігіне бөленіп, Шинжаңдағы қазақ айтысының ақиық қыранна айналған ақын. 1965 жылдың 23 тамызында Алтай аймағына қарасты Бурылтоғай ауданы, Қарамағай ауылында дүниеге келген. Қазақ сахарасында еркін өскен ерке ұлға, тау табиғаты өзгеше дарын сыйлап, отызында отты жыр жүрегіне ұялап, қос ішекті қара домбырасын күмбірлетіп, қара сөзді сыйлаған халқын сүйсіндіре әуелетіп жырын төгіп, Алыс жақын ауылдарға тартысты айтыс жасап таныла бастаған ақынның талантына тәнті болған. Құрманбектей қарт ақын қырағылығын көрсетіп өз қанатының астына алып, сахана қасиетін бойына дарытып, талантын шыңдай түсіп аудан, аймақта болған жыр додаларына қатыстырып. Бүкіл Алтай халқын дүркіретті. Қара сөздің алтын тұғырында тұмшаланған ақиық қыранның жыр томағасын сыпырып, Шинжаңның көк аспанында қалықтата білді. Шынайы ұстазын тауып шыңдалған ақын отты жырды түйдек–түйдегімен төгіп, қазақ айтысынна өзгенің өлеңінде кездеспейтін, терең ойлы теңеулер мен, қара өлеңге темірдің түйініндей шымырлы қара сөз ұйқасын ала келген. Тұлғасы бөлек ақынды, сол кездің өзінде ақ қарыт ақын :

Мынау Еркін бірі екен телегейдің,

Оның сөзін  әке болып өңемейін.

Дүниенің  қазағы  жиналса да,

Жүз ақынды Еркінге теңемеймін.

- деп, Алтай даласынан өзгеше шыққан қазақтың дарынды ұлына таңдай қаға таңғалғантұғын. Шәкіртінің сөз саптауына бас иген ақын :

Мен болар деп қарғамау, талай жүрдім,

Бәрін  көрдім дәуірден арай  нұрдың,

Өзім сенен бұрындау тусамдағы

Сенің  алтын  кеудеңді сарайқылдым.

-деп, Ақын ұлдың  жыр деген бойтұмарына қарт ақында бас иді, исі Алтай елі төбесіне көтеріп, сөзіне  құмартты. Айтыс болады дегенді ести сала алты айлық жолды алыссынбай, арнайы ат терлетіп «Еркіннің  айтысын бір көрсек болды»- деп, жер–жерден ағылатын еді. Осындай  қазақ  халқы  төбесіне орын берген ақынға.Ұстазы  Құрманбек ақынның :

Саған  берік  қарғам-ау, маған  берік,

Бір баламды көргем  жоқ  жаман көріп,

Қазақ халқы алдында ант етейін,

Орындықты ұсынам саған беріп.

-деп, өзіне кезінде халқы ұлықтап отырғызған айтыстың алтын тұғырынан тұрып. Ақын ұлға халық алдында өз орынын табыс еткен, арда қарттың осындай көсемділігі мен көрегенділігіне халқыда сүйсіне қолдаған еді. Міне халқы мен қарт ұстазы сенім артқан ақын ұлдың осыдан соң жыр додасы алты қырды асып, бүкіл Шығыс түркістанның бойында жыр дүбірін әуелеткен еді. Осындай отты жыр, ойлы сөз иегерінің тума талантына тәнті болған жазушы Қабдеш Сабырұлы Еркінің жырындағы ұйқас пен терең ойлы, теңеу сөзді « Үш күн, үш түн ойласаңда таба алмайсың» -деген еді.

201504051428218518

Ақын осыдан соң 2004 жылы қазақ елінен  арнайы  шақырумен келген туған елдің таланты жас ақындары Айнұр Тұрсынбаева мен Оразәлі Досбосынұлымен де айтыс  жасады. Сол жолы Еркін ақынмен айтыс жасаған, ақын қызымыз Айнұр Тұрсынбаева, айтыс майданда орыннан тұрып ақыннынң өнерін сыйлап саханада саусағындағы жүзігін шешіп, ақын ағасының саусағына  өз  қолымен  таққан еді. Осындай талантты ағасының өлең сөзінің  құдыретіне бас иген ақын қыз, Еркін Ілиясұлының ерекшелігі «Басқа ақындардың екі- үш шумаққа сыйғызатын ойларын бір  жолмен ғана айта алатын. Тіпті ақын бір шумақ өлең айтса, соның төрт тармағы төрт түрлі ойды беріп тұрады. Ақындығы өте терең адам еді»,-деп өз бағасын берген еді (Азаттық радиосында).

Құлманбеттің құлыны аталатын дарынды ақын Оразәлі Досбосынұлы жырына жақын туса керек. Айтыстың қос қыраны, сахана тұғырында жата – жастана, апталап айтыс өткізіп алты алаштың  бойына өлеңнің  тұмба жырын төккен  еді. Оразәлідей  жыр дүлділі киелі саханада:

Ау, Ерекем , Ерекем сөзіңде сенің  жөн екен,

Өзіңді  қайтет  қызыл  сұңқарға  теңесем.

Сөздеріңе  қарасам  сабы  алтыңға  тең  екен.

Көңіліңе  қарасам  қазақтікіндей  кең  екен .

-деп, алаш жұртында дара шыққан дарынды ақынымыз да, ақынды сұңқарға теңеп, өлең  сөзінің  құдыретіне  табынып  құнын  алтынға  балап, ақынды  аға тұтқан, Ораз ақын киелі айтыстың тұғырында тұрып Еркіннің ақындығын мойын даған еді.Тіпті бір сөздерінде «Сіздің ақындығыңыздың  қасында біздікі жәй әншейін бір  дүние ғой .Мынандай талантпен қалай танылмай жүрсіз»деген екен. Бірақ сол кездің өзінде ақ ақынды «Алтай аймағының құрметті ақыны» деп атақ берілген дейді «Шинжаң» газетінің  тілшісі Қалиақпар Үсенханұлы. Айтыс сүйер алаш халқы Еркіндей ақын ұлын Айтыстың  ақиық  қыранына  теңеген  еді .

Ақынның  өлең  додасы  айтыс саханасында ғана емес. Алтай  сахарасында әуелеп, ауыл- ауыл  да үн таспадай  тарап жатты. Тіпті ақын өлеңіндегі өзгеше өзекті ойлары қазақ халқының батырлығы мен кең пейіл, даналығын мақтан тұта жырлаған өлең шумағын аулдың алты жасар сәбиінен, алпыс жастағы қартына дейін мақтана тамсанып жатқа оқитын. Бір ғұмыры өлең болып өрнектелген мұзбалақ ақының, жыр ғұмыры емес-ау, ақын ғұмырының мезгілінен бұрын үзіліп түсерін білмедік. Осылайша ұлы даланы жырымен тербетіп, Қазақ деген ұлтының ұлы атын  өлеңіне туғып тіккен ақын ұл:

Ұлылықты айтатыны , жазатыны

Қазақпыз таза  рухы, таза  тілі.

Абройын аналық көтерген соң,

Өз ұлтын жырлау керек өз ақыны,-деп өлең деген жыр туына бірлік туралы ұранын арнап, артындағы ақын ұрпағына өлмес өсиетін қалдырып. Қапияда жолыққан ажал дауылы енді ғана қырықтың бел асарынан асып үлгірмеген  жыр дастаның, айтыс дейтін ұлы  жыр әлемінен  бір жола  ұшырып акетті.

P.S                                                                                                                            

Осындай жат елде жүрседе, елім деп жыр төккен бір турар таланттарды сенікі, менікі дегізбей дарынын бағалайтын ұлылардың ұлы жолымен өз елімізде де бағаланып бағасын алса. Бұл дегеніміз исі қазақ жұртының береке-бірлігін нығайтары анық еді. Бүгінгі айтыс саханасының мұзбалақ қыраны марқұм Оразәлі ақынмен қатар аталып, еске алсақ Оразәлі ақын да о дүниеде біздің бұл ұлылығымызға, берекелігімізге сүйсінері анық. Өйткені  Оразәлі ақында қытай жерінен «Менің бар тапқан байлығым, ең үлкен қазынам- Еркін» деген болатын,-деді Айнұр Тұрсынбаева (Азаттық тілшісіне). Міне Оразәлі ақынның қазынасына айналған Еркін ақын. Айтыс деген көк аспанның астында самғаған Алтай менен Алатаудың қос қыраны деу артық емес, дәл баға дер едім.

Көпеева Айжамал

Қатысты Мақалалар