16 жастағы қыз мақсатқа жету үшін 120 шақырым жол жүруге мәжбүр (видео)

/uploads/thumbnail/20190201103308229_small.png

Батыс Қазақстан облысы Янайкино ауылының 16 жастағы тұрғыны Рамзия Өтепова мақсатына жету үшін 120 шақырым жол жүруге мәжбүр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі uralskweek.kz сайтының дерегін негізге алып. Ол волейболдан жарысқа дайындалу үшін әр жұмыс күні Орал қаласына барады. Қандай ауа-райы болса да 16 жастағы қыз жаттығудан қалған жоқ. Қала мен ауыл арасы 60 шақырым. 

Жергілікті журналистер мақсатшыл қыз туралы "Грация" әйелдер волейбол командасының бапкері Куленко Губашевтен сұрап көрді.

"Мен әртүрлі спортшыларды жаттықтырдым. Олардың тәртібі де, ынтасы да әртүрлі болды. Бірақ мұндай қызды мен алғаш рет көріп тұрмын. Рамзияның бұл әрекеті ақылға сыймайды. Әрине жақсы мағынада айтып отырмын. Бұл секілді спортшылар спортта өте жақсы нәтиже көрсетеді", дейді бапкер. 

"Мен кәсіби волейболшы болғым келеді. Әлем чемпионатында ойнап, жеңіске жеткім келеді", дейді Рамзия Өтепова.  

Аударған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар