Умаждалып шимай-шимай əн-парақ,
Гауһар кетті қиянатты қалқалап.
Алты ішекті гитарасын қалдырып,
Алты жылды арқалап.
Қызықпады атақ-даңққа, ақшаға,
Сол себепті хат жолдады патшаға.
Бұлбұлымды торға қамап ұстамай,
Жіберіңдер бақшаға.
Шенділер мен шекпенділер мерейлі,
Бұлбұлымды қарға дей ме? Не дейді?
Біздің елде жалаңаяқ жүргенді,
Алаяққа теңейді.
Жабы-жалған жүйріктерді қамшылар,
Күйінгеннен көздің жасы тамшылар.
Тірісінде тағдырынан таяқ жеу,
Таланттарға тəн шығар...
Оранбады үлде менен бүлдеге,
Бірақ, бəрі ғайбат сөйлеп жүр неге?
Оны қимай түрмедегі өмірге,
Мен отырмын өмір дейтін түрмеде.
Ершат Қайболдин
Пікір қалдыру