Инстаграм парақшаны дамуға арналған кеңестер

/uploads/thumbnail/20190204165635564_small.jpg

Инстаграм –  қазіргі таңдағы өте танымал әлеуметтік желілердің бірі. Qamshy.kz ақпарат агенттігі инстаграм парақшаңызды дамытып, өзіндік контен қалыптастыруға көмектесетін кеңестер ұсынады.

1.Инстаграмда басқа адамдармен жиі сөйлесіңіз. Өзіңізге ұнаған жақсы жариялымдаға мағыналы пікір қалдырыңыз. Ол басқа адамдарды сіздің жеке парақшаңызға деген қызығушылықты арттырады.

2. Сіздің инстаграм парақшаңыз бар екенін өзгелер білсін. Ол үшін дастарыңызға, таныстарыңызға парақшаңызға тіркелуін сұраңыз. Өзіңіздің басқа да әлеуметтік желілерде парақшаңыз бар екенін көрсетіңіз. Ол сіздің белсенділігіңізді білдіреді және сізге деген қызығушылығын арттырады.

3. Басқа әлеуметтік желілерде инстаграм парақшаңызға сілтеме қалдырыңыз. Сол арқылы сіздің парақшаңызды көруге мүмкіндік болады.

4. Өзіңіздің жеке парақшаңызға қатысы бар тақырыпта фотоконкрус ұйымдастырыңыз және өздерінің ұсыныстарын пікірде қалдыруын сұраңыз. Бәйгеден үздік суретті таңдап, өз парақшаңызға белгілеңіз және жеңімпазға жақсы сыйлық беріңіз. Мысалы, тегін заттар, концерке билет берсеңіз болады. Бұл әдіс көп адамдарды тартады.

5. Инстрамдағы танымал контенттерден хабардар болыңыз және маңызды, қызықты жаңалық жарияланған кезде сол жаңалықты қайталап жариялап көріңіз. Бұл әдіс сіздің жылдамдығыңызға байланысты, егер біраз уақыттан кейін жарияласаңыз ол жаңалықты өзге парақшадан көрген адам сіздің парақшаңызға қайта кірмеуі мүмкін.

6. Жиі жариялым жариялау. Көбінесе күніне 2-3 хабар жариялайтын парақшалар танымал болады. Алайда көп жариялымдар сіздің аудиторияңызды жалықтыруы мүмкін. Сол үшін жаңалықпен бөлісетін ыңғайлы уақытты біліңіз. Жариялым салу үшін ең жақсы уақыт дүйсенбі мен бейсенбі күндері. Ал жариялымдар үшін ең нашар уақыт күндізгі сағат 3 пен 4.

7. Инстаграмдағы фильтрларды жиі қолданыңыз. Ол сіздің парақшаңыздың белсенділігін арттырады. Мысалы, Mayfare – ең танымал фильтр. Әдетте ашық реңді суреттер қара реңді суреттерден 24% артық лайк жинайды.

8. Аудиторияңыздың қызығушылығына орай хештегті жиі қолданыңыз. Хештегпен жариаланған жариялымдар 12,6 % жиі қаралым жинайды. Мысалы, танымал #fashiongoals, #instafashion, #instagood, #photooftheday немесе кең таралған #love, #happy и #dog хешталарды қолданыңыз.

9. Геотег деген – сіз болған танымал жерлерді анықтап, белгілеп тұратын инстаграмның жақсы функциясы. Суретіңізді жүктер алдында «картаға сурет жүктеу» функциясының қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұл сіздің аудиторияңызға  шынымен де сол жерде болғаныңызды дәлелдейді және сізге деген сенімді арттырады.

10. Трендтен хабардар болыңыз. Интернетте танымал болады деген жаңа нәрселерді жариялаңыз. Мысалы, журнал беттеріндегі киім суреттерін немесе танымал тұлғаның жаңа музыкалық альбомының суретін жариялап көріңіз.

11. Әдемі, әсерлі суреттеріңізді жариялаңыз. Достарыңызбен танымал жерлерде түскен естеліктеріңізбен бөлісіңіз.

12. Суреттеріңіздің жоғары сапалы болуын қадағалаңыз. Сапалы сурет – сапалы контенттің кепілі.

Міне, осы кеңестерді қолдансаңыз табысқа жетеріңіз сөзсіз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар