Бизнес-коуч Кәмшат Бекжігітованың өмірін өзгерткен қандай аффирмациялар?

/uploads/thumbnail/20190219111255022_small.jpg

Аффирмация. Бұл сөз сізге таныс па? Бұрын-соңды естіген бе едіңіз?

Бүгінде трендке айналған бұл сөздің мағынасымен астарына біраз үңіліп көрейік. Аффирмация  ең алғаш латынның (affirmatio-растау) cөзінен шыққан. Ал мұның қазақша баламасын психологтар «Жақсы сөйлеу, жақсы сөз айту» деп аударып жүр. Алғаш адамдар аффирмация айтуды психолог Луиза Хейдің семинарынан бастап әдетке айналдыра бастаған.

     Ұстаздың айтуы бойынша, адам кез-келген мәслені аффирмация айту арқылы шешуге болады. Тіпті жаман ауруды да. Луиза Хей өзінің бойындағы қатерлі ісікті күніне бірнеше рет аффирмация айту арқылы жеңген. Арада бірнеше уақыт өткен соң, аурудың ізім-ғайым жоғалғанын көріп дәрігерлер таңданыстарын жасыра да алмаған.

     Атақты тележүргізуші Опра Уинфри өзінің телешоуында 1988 жылы миллиардер Дональд Трампқа «сіз алдағы президент сайлауында бір кездері жеңемін деп ойлайсыз ба?» деп сұрақ қояды. Ол  «иә!» деп жауап береді. Тіпті ол өзінің ақша сақтайтын сейфіне қажетті сомасын жазып, таңертең тұра салысымен «менің саудам өсіп келеді»деп қайталап айтып жүретін де болған. Бұл сөз құдіретінің күшімен жетістікке жеткен жеңімпаздардың мыңнан бірі ғана.

Дала психологиясын жетік меңгерген қазақ халқы да «Жақсы сөз-жарым ырыс» деп айтып кеткен. Аталған психологиялық тәсілді жетік меңгеріп, тәжірибе ретінде қолданып, жетістікке жеткен жанның бірі ретінде  бизнес-коуч, психолог Кәмшат Бекжігітова «Qamshy.kz ақпарат агенттігіне аффирмация туралы түсініктеме береді. 

кәмшат бекжігітова

– «Жалпы өзім аффирмацияны жиі қолданамын. Аффирмация деген аты бөлек болғанымен ол- қазақтың сөзімен айтқанда жақсы сөз-жарым ырыс. Менің бүгінгі таңда қолданатын сөздерімнің барлығы жақсы сөздер. Яғни мен айналама жағымсыз, біреудің көңіл-күйіне кері әсер келтіретін бірде-бір сөз айтпаймын. Тіпті, қандай кептелісте тұрайын, барлық жағдайда тек жақсы сөз айтамын. Таңертең тұрғаннан бастап, айналама тек бәрін жағымды жаңалықпен жеткізіп, жағымды нәрселер айтуым керек. Аффирмация деген мен үшін жағымды сөйлеу.

2014 жылы Луиза Хейдің «Полюби себя»деген кітабын оқып, сол жерден адамның өмірінде сөздің қаншалықты рөл атқаратынын өте қарапайым тілде түсіндірген. Соны оқығалы мен арнайы жаттығулар жасап, 100- ден аса тамаша сөздерді алып, кәдімгі жапсырмаларды жапсырып жаттап жүрдім.  «МЕНІҢ ӨМІРІМ ТАМАША» «АДАМДАРДЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ» «МЕН ӨЗ-ӨЗІМДІ ҚАБЫЛДАЙМЫН» «МЕН ӨЗ-ӨЗІМДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ» деген сияқты өз салама қатысты сөздері айта бастадым.

Бүгінде бұл аффирмациялар менің өмірімнің бір бөлшегіне айналды десе де болады. Өмірде кез-келген жағдайларға тап болғанда, соның ішінде қиын жағдайға тап болғанда, яғни жақсы сөз айту арқылы мен ол ситуацияны жақсы жаққа айналдырып жіберемін. Яғни жағдай қиын немесе жеңіл болмайды. Оны қиындатып немесе жеңілдету – ол біздің қабылдауымызға байланысты. Бұл Алланың маған берген сыйы, бұл Алланың мені тағы өссін деп берген тамаша сыйлығы. Мен мұны оңай және тез шешемін. Барлығы мен үшін қайырлы болып шешіледі деген сияқты сөздерді жиі-жиі қолданамын. Айтамын. Құр сөз айтып отыра бермей, қандай да бір әрекеттер жасаймын. Қабылдауға байланысты келетін болсақ, кез-келген жағдайды мен сөзіммен бақылауда ұстаймын. Яғни сөз арқылы ойыма әсер етемін. Сөзім дұрыс болған жағдайда ойым дұрыс болады. Ойым дұрыс болған жағдайда ісім дұрыс болады.

Мәселен, мен бүгін қандай сөз қолданайын, болашағыма сондай егін егіп жатқанымды түсінуім керек. Сондықтан, «АҚША ЖОҚ, АДАМДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ БҰЗЫЛҒАН, ЗАМАН ЖАМАН, ҚОРҚЫНЫШТЫ» деген сөздерді ешқашан айтпаймын. «МЕН ҮШІН АДАМДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ, МЕНІҢ ӨМІРІМ ТАМАША, МЕНІҢ ӨМІРІМНІҢ АЙНАЛАСЫН ТЕК ЖАҚСЫ АДАМДАР ҚОРШАҒАН» деген сияқты сөздерді айтамын. Енді өмірімде осы нәрселер орын алу үшін, өзім де соған лайықты болуым керек. Мысалы: «МЕНІҢ АҚШАМ КӨП» деген сөзді айта отыра миымдағы жағымсыз нәрсені  тазалап, тек жақсы  сөзді енгізе бастадым. Яғни, оның тамырын ектім. Енді ары қарай дұрыс әрекет ете бастағанда тамыр тереңге қарай жайылып, жемісін бере бастайды. Яғни көңіл-күйге де біраз нәрсе байланысты болады. Яғни, біз ақша жоқ болғандықтан көңіл-күйсіз жүреміз бе, әлде көңіл-күй жоқ болғандықтан ақшамыз болмай ма? Осы нәрселердің ара-жігін ажыратып алған жөн.

Оқырмандарға айтарым, аффирмация дегеніміз: белгілі бір жағдайда айтылатын сөздер ғана емес, таңертеңнен бастап айтылатын жақсы сөздер. Мәселен, кептелісте тұрғанда жан-жағыңызға байбалам салмай, бір сәт мынау бір демалып алатын тамаша сәт екен деп айналаңызға асықпай бір қарап алсаңыз болады. Қазақтың «жақсы сөз-жарым ырыс» деген сөзінің түп-мақсатында керемет нәрсе жатыр. Неге мен жаман сөз айтуым керек? Тек жақсы сөз айта бастағанда ғана айналаңыз жақсылыққа тола бастайды. Мен сіздерді жақсы көремін. Алла сәтін салсын!».

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар