Жаз бен күз мезгілі келе салысымен адамдардың көбі аллергия ауруынан жапа шеге бастайды. Мұндай аурудан айығу оңайға соқпайды.
Мезгілдік аллергия біраз мазаңызды алуы мүмкін.
Алайда халық арасында аллергияны емдеудің бірнеше жолдары бар.
Балдыршөп (сельдерей) - аллергияны емдеуге таптырмас дәрі бола алады. Жарты литр араққа 10 шай қасық балдыршөпті салып, бір апта қояды. Содан соң емдік ретінде күніне үш реттен, сумен езіп, 15-20 тамшыдан қабылдайды. Алайда балалардағы аллергияны арақпен емес судың өзімен немесе әр тамақ ішкен сайын балдыршөпті қосып берсе нәтиже беруі мүмкін.
Тасдәрі (мумие) Тасдәрімен аллергиядан айығу үшін оның жоғары сапалысын таңдап алу қажет. Ол үшін 1 грамм тасдәріні бір литр суға салып ерітеді. Жоғары сұрыпты тасдәрі суға салған уақытта еріп шыға келеді. Сөйтіп судың түсі бірден қараяды. Мұндай сусынның 100 мл күнде таңертең сүтпен бірге ішу керек. Ал, 1-3 жас аралығындағы балаларға 50 мл, 4-7 жастағы балаларға 70 мл ішуге болады. Тасдәрімен көктем және күз айларында емделген тиімді. Емделуді 20 күнге дейін созуға болады.
Өсімдіктермен бұлау қабылдау. Шөптерден дайындалған бұлауды қабылдау үшін бірінші тұнба дайындап аламыз. Оған түрлі шөптерден бірдей мөлшерде 10 қасықтан салып шығады. Мысалы, итошаған, сүйелшөп, шайқурай, дәріханалық түймедақ гүлі мен жалбызды және дәрілік шүйгіншөпті аламыз. Осы шөптерден жоғарыда айтқандай етіп тұнба дайындап, оның 5 қасығын бір литр қайнаған суға қосамыз. Тұнбаны 10 минут қайнатып, жарты сағатқа қою қажет. Сосын осы тұнбамен былау қабылдай беруге болады. Мұндай бұлауды 2-3 күн сайын 10 минуттан қабылдайды.
Иттікен. Аллергияны иттікенмен қайтару үшін бақ-бақ пен иттікен тамырын алып, екеуін де езеді. Сөйтіп 3 стақан суға 2 ас қасық шөптердің қоспасын араластырады. Бұлайша дайындалған тұнбаны бір түнге қалдыру керек. Ал, таңертең тұнбаны 10 минуттай қайнатып, суытыңыз. Сосын жарты стақаннан тамаққа дейін күніне 4-5 рет ішуге болады.
Итошағанмен емделу. Итошағанмен аллергияны емдеу ұзаққа созылады. Бірақ түбінде бұл аурудан айықтырады. Итошағаннан дайындалған тұнбаны тек жаңа дайындалған кезінде шай мен кофенің орнына ішіп отыру қажет. Оны дайындау үшін итошаған шөбін 20 минут демдеп қояды. Сол кезде демделген шайдың түсі сарғыш тартуы керек. Емделу уақыты - бір жыл.
Дәрігерлердің айтуынша ағзадағы аллергиялық микробтар ең көп шоғырланатын органдар: мұрын, құлақ, көз. Олар адамның ең нәзік жасушалары орналасқан жерлері. Өз бетінше ем-дом қабылдаймын деп жұқа тері плазмасы күйіп қалуы мүмкін. Ал, емделмей жүре берсе аллергия өршіп, микроб көбейе түседі. Сонымен қатар, ағзадағы микробты жеңу үшін иммунитетті нығайту қажет. Иммундық жүйенің күшті болуына әср ететін дәрумендерді жиі қабылдаған жөн.
Ұсынған: Әсем Мерекеқызы
Пікір қалдыру