Адам дұға жасауға 10 минутын көп көреді, бірақ киноға 1,5 сағатын арнайды. Неге?

/uploads/thumbnail/20190228103125748_small.jpg

Өзімізді адам деп атап, мәз болып жүргенімізбен, күнделікті күйбең тіршілігімізде жасап жүрген олқылықтарды байқамаймыз. Солардың кейбірін оқырман назарына ұсынады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Адам дұға жасауға 10 минутын көп көреді, бірақ бір кино немесе футбол ойынын қарауға 1,5 сағаттың өзі аз сияқты көрінеді.

Адам біреуден естіген өсекке тез сеніп қалады, бірақ туралығы күмән келтірмейтін кей нәрсені мойындағысы келмейді.

Адам бір сағатын ғибадат жасап, мешітте өткізсе, ол уақыт тоқтап қалғандай болады, бірақ теледидар не компьютер алдында қанша сағат отырса да уақыттың зымырағанын сезінбейді.

Адам бір күні шіріп кететін денесін жақсы халде сақтау үшін не жегенін қадағалап жүреді, бірақ ешқашан шірімейтін рухына еш күтім жасамайды.

Адам концертке барса, ең алдыңға қатарға отыруға тырысады,бірақ мешітте ,намаздан кейін тез шығып кетейін, деп, ең соңына отыруға тырысады.

Адам ғибадат жасаған кезде дүниені, байлықты көп ойлайды, бірақ дүниені жиып жүргенде Алла туралы еш ойламайды.

Адам "бір аят немесе хадис жаттауға қиын" дейді, бірақ үздік 10 әннің сөзін жатқа біледі.

Адам діни әңгімені тыңдауға, айтуға қызықпайды, бірақ өсек сөзді тыңдап, басқаға айтудан ешқашан жалықпайды.

Адам жәннатқа баруды армандайды, бірақ ол үшін ешнәрсе жасағысы келмейді. 

Адам "анасының алдындағы міндетін өскенде орындаймын" деп ойлайды, бірақ әр күн сайын өсетінін аңғармайды.

...Міне, осылардың орнын пайдалы іспен толтырсақ екен!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар