"Күнді ұда, айды гуза деп атауымыз қажет"

/uploads/thumbnail/20171104171051080_small.jpg

Қай заманда да жаңалық енгізуші халық әрдайым озық әрі алда болатыны белгілі. Сондықтан кез келген салада үнемі жетіліп отыруымыз маңызды. Дүние жүзінің көптеген елдері, олардың қатарында Европа мемлекеттері, Канада, АҚШ өз тілдерін жетілдіру арқылы елеулі жетістіктерге жетті. Себебі, қысқа әрі нұсқа сөздер уақытты, күш-жігерді және ресурстарды үнемдеуге, жылдам сөйлеуге мүмкіндік береді. Осы елдердің сөйлемдерінің құрылысы ойды анық жеткізуге жол ашады. Бұл жаңашылдық, әсіресе, техника, технология және қаржы салаларына ауадай қажет. Ондай сөздер күнделікті қолданыста барлық ойымызды дәл жеткізуге жағдай жасайды. Озық экономикасы бар елдер ежелгі сақ, шумер заманындағы сөздермен қоса, басқа елдердің қолданысындағы өздеріне қажетті сөздерді де бойына сіңірген. Егер қазақтардың да ата тегінің Шумер дәуірінің тумалары екенін ескерсек, онда бізге де сол сөздерді пайдаланған жөн сияқты. Шумер, сақ заманындағы өте ұмытылып қалған немесе қатты шұбарланған тілімізді шумердің әліпбиіндегі төл сөздерімізбен өзгертіп, жаңаласақ және қажет болғанда тілімізді толықтырсақ, туған емілімізге нәр берер едік. Бізге қажет сөздердің қатарына күн, ай атауларын ажыратып, нақтылау кіреді. Өйткені: бұл сөздерде қазақ тілінде айқындық жоқ. Күн қазақ тілінде аспан тұлғасы ретінде әрі уақыт бірлігі болып та қолданылады. Мысалы, «күн жылы», «бүгін қай күн?», «туылған күнің қай күн?» және т.б. Бұл жағдай ойды толық жеткізуге тұрмыста немесе ғылым, қаржы және аударма салаларында қиындық туғызады. Күн планетасы орысша – солнце, ал күнтізбелік күн – день, Ағылшынша -  sun және day, Қытайша - 太陽 (Tàiyáng Хайяң),  және 天 (Tiān Тиен). Ал, Ай планетасы Орысша – луна, күнтізбелік ай – месяц, Ағылшынша – moon және month, Қытайша - 月亮(Yuèliàng) және 月(Yuè).

Осыған байланысты Күн планетасының атауын сол күйінде қалдырып, ал күнтізбелік «Күнді» – Ұда деп, «Ай» сөзін планета атауынды қалдырып, күнтезбедегі атауын – Гуза деу жөн деп ойлаймын. Бұл екі ұғым да шумер сөздігінде кездеседі. «ұда» cөзі шумерше «бүгін» дегенді білдіреді, ал гуза - тақ деген сөз.  Ұда сөзі қазақтың отау сөзімен тұспарлас сөз. Ал, «гуза» сөзі киіз (кигіз) үй дегендегі «із» – дің қысқарған түрі. Бұл тіркестегі ки – жер (қиыр), гуза – «тақ» (қызу) және É (үй) - үй деген буындардан тұрады. Сонда киіз үй деген тіркесті шумер тілінен аударсақ – «Жер тағының үйі болады». Ежелгі тілде ki-iz деген де тіркеc бар және ол «тазалау» деп аударылады.

Күн мен айдың кейіпі «мезгіл», «мерзім» және «дата» деген ұғымдарға да қатысты. Бұл мәселенің де түйінін шешу тілімізді тәртіптеп, тазартуға әрі сөздерімізді де, ойымызды да біраз жинақтауға септігін тигізер еді.

Әділбек Ишанбекұлы

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар