Елбасы қазақтың билігін үкіметке тапсыра ма? (САРАПТАМА)

/uploads/thumbnail/20170708181115560_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының  Қазақстандағы көп билікті Үкімет пен Парламентке тапсыру туралы жасаған бүгінгі мәлімдемесі қазақ саясаткерлері мен БАҚ-та қызу талқылануда.

Президен Нұрсұлтан Назарбаев, ТМД басшыларымен кездесуі барысында тосын мәлімдеме жасады. Тосын дейтініміз, Елбасының мұндай мәлімдеме жасауын халық та, саясаткерлер де, тіпті өзге мемлекет басшылары да күтпеген еді.

Президент Назарбаев «Енді Қазақстандағы көп билікті Үкімет пен Парламентке беретін кез келді. Бұған дейін бізде Президенттік басқару болып келген.Президенттік басқару – өте маңызды вертикаль. Қазір елдегі орта таптың экономикалық әл ауқаты өскенін көріп отырмыз. Енді ақырындап, Үкімет пен Парламентке де жұмыс істеуге жол ашуымыз керек деп ойлаймын»,-деді.

Сонымен қатар, Елбасы елдегі демократия туралы да сөз еткен.

«Демократия  дегеніміз – ашықтық. Біздің жасаған әр ісіміз ашық болуы тиіс. Егер ол мемлекеттік құпия болмаса адамдардың ақпаратқа қолы жетімді болуы керек. Лауазымға ие болған соң, Үкімет пен Парламент әр жарты жыл сайын халыққа есеп беріп отырулары тиіс. Бюджет – парламентте, қоғамдық ұйымдардың және тәуелсіз сарапшылардың, адамдардың қатысуымен, ашық талқылануы тиіс»,-деді.

Енді жоғарыдағы Елбасының сөздерін саралай келе, мынадай азаматтық сұрақтар туындайды.

Егер Қазақстандағы Мемлекеттік басқару билігі Үкіметтің потенциалына өтіп кетер болса, міні көп министрліктерді басқарып отырған   Үкімет басшысының (р. Мәсімов) ішкі саясаттағы  салмағы арта ма? Мәсімов үкіметі Мемлекеттік басқаруды өз қолына толық алатын болса, бұл қазақ қоғамында дау тудырмай ма? Қазіргі таңда Премьер-министрдің саяси мәнсабына қатысты халық арасында түрлі пікірлер айтылып жүр. Оның ұлтына, саяси карьерасына т.с.с.  Осыған дейін Қазақстанда Президенттік басқару жүйесі болып келгені әмбеге аян.  Елдегі басқару жүйесін тосын ауыстыру Қазақстан үшін не береді? Егер көп билік Үкіметке тапсырылатын болса, Мәсімов Үкімет басында қалуы тиіс пе?

Расул Жұмалы, саясаткер

 - Қазіргі күнде біздің Үкіметтің қолында билік жеткілікті.  Жоғарғы билік, Үкімет, Президент әкімшілігі, Самрұқ Қазына, бұлардың формалды түрде атаулары өзге болғанымен, ұстанымы бір, жүйесі бір.  Барлығының көздегені бір – қазіргі жүейні сақтап қалу. Сондықтан, қандайда бір жорамал жасау қиын. Себебі, біздің елде шешім кенет, шұғыл, оқыстан қабылданады. Мысалы, кезектен тыс сайлау өткізе салу, Үкіметті отставкаға жібере салу, қайта жасақтай салу т.б.  Оның үстіне, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазір биліктен кетуі мүмкін емес.  Биылғы сайлау ол кісінің соғы мерзімі деп айтуға болмайды. Президент Назарбаевтың өзі айтқандай, әрі қарай да елді басқару, басқармауы ол кісінің физикалық күшіне байланысты. Денсаулығы қалыпты болса, әрі қарай да елді басқару ісін жалғастыра беретіні  ақиқат. Енді мына мәлімдемеге келер болсақ, басқару билыгының потенциалын Үкіметке, Парламентке тапсыру туралы бұрында айтылған. Сондықтан, әлі ештеңе нақты емес.

Егер тиісінше биліктегі басқару тетіктерін әртараптандырамыз десек, басқару потенциалын Үкіметке емес, парламентке  ауыстыру керек. Себебі, Парламенттің заң қабылдауда ықпалы бар. Парламенттік билік системасына көшу – қабылданатын шешімдердің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.

Біріншіден, әлемнің дамыған мемлекеттерінде биліктегі басымдылық Парлементтің қолына тапсырылған. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Франция секілді мемлекеттерде Парламенттің статусы Президенттікінен жоғары тұрады. Бұл елдегі маңызды, жауапты шешімдерді қабылдау кезінде жан-жақтылықты қамтамасыз етеді. Мселеге обьективті көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Біздің елдегі басқару осы жүйесін  дамыған мемлекеттердегі тәжірбиеге  көшіру  көптеген тиімділік әкелетін еді. Бірақ,  бұған да күмән бар. Қандай?

Екіншіден,  Парламенттегі депутаттардың арасында өзіндік ұстанымы бар, шешім қабылдауда нақтылық, батылдық таныта алатын тұлғалар сирек кездеседі. Бұған дәлел, біздегі кез келген заңды қабылдағанда 100 пайыз дауыспен қабылдайды. Мейлі, ол Нұр Отандық болсын,  Ақ Жолдық болсын. Яғни, Параментке сондай лауазым берілген күннің өзінде, құрам дайын емес. Парламентке халықтың арасынан ысырылып шыққан, өзіндік ұстанымы бар, ашық пікірін айта алатын азаматтар келмесе, тағы бекер.

Үшіншіден,  биліктің үшінші тармағы саналатын Сот жүйесі. Сот жүйесі Билік пен Үкіметке бағынышты. Бұл басты қателіктердің бірі.

Төртіншіден, Конституциялық нормативтер ұлтаралық шектеу қоймайтыны белгілі. Тек мемлекеттік тілді (р.қазақ тілі) білуі, белгілі бір мерзімде Қазақстанда тұруы шарт. Ал ұлтына, дініне т.б. ұстанымдарына шек қойылмаған. Дегенмен, қазақ қоғамы оянып келеді. Қазақ ұлтшылдары басқару билігін өзге ұлттың өкіліне ұстататын болса, түрлі дүмпулер мен ұлтаралық жан жалдардың орын алуы әбден мүмкін. Кезінде, Қонаевтың орнына Колбинді отырғызған кезең есіңізде ме? Мен дәл осыны меңзеп отырмын.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар