Зекет қорындағы қаржы қайда жұмсалуда?

/uploads/thumbnail/20170708151000467_small.jpg
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған Зекет қоры жинақталған ақшаның қайда жұмсалып жатқаны туралы бірлестіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.  

Осы күнге дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет қорына 52 682 143 теңге жинақталған. «Діни басқарма 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақталған қордың есебінен өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 144 ауыл имамдарына 20 мың теңге мөлшерінде жалақы бере бастады. Биылғы жылдың алғашқы үш айында ҚМДБ Зекет қорынан әр өңірдегі имам-молдаларға 7 548 000 теңге мөлшерінде жалақы берді» делінген хабарламада. Мәселен, Ақтөбе қаласы әкімшілігі дін жанашырларының, кәсіпкерлердің көмегі арқылы 50 400 000 теңге зекет берген. Осы зекеттен облыстық имам-молдаларға жалақы беріліп, бұдан бөлек мешіттердің коммуналдық шығындарына, жөндеу жұмыстарына жұмсалуда екен. ҚМДБ Зекет қоры – әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қоғамға пайдалы игі де ізгі мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым. Қордың негізгі мақсаты болса зекеттің жинақталуы мен таратылуын жүзеге асыру. Сонымен қатар, қордың Жарғысына сәйкес, өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын шалғайдағы ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беріледі.

Baq.kz 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар